12.03.2015
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша Департаментінің жанында құрылған Қоғамдық кеңестің 2015 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес,
2015 жылдың 18 наурызында, сағат 16.00 -де «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында жергілікті атқарушы органдар және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізіледі.
Қоғамдық кеңестің күн тәртібінде төмендегі мәселелер қарастырылмақ:
1. 2014 жылы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы;
2. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыстары туралы.
