Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

113. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(11.11.1967, қазіргі Бөкей ордасы ауд., Бисен а.) – жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. 1992 ж. М.Өтемісов атындағы БҚМУ-ін бітірген. Еңбек жолын “Орда жұлдызы” аудандық газет қызметкерінен бастаған. Көп жыл облыстық “Орал өңірі” газетінде қызмет атқарды. Қазіргі күні Орал қалалық «Жайық үні» ЖШС газеті редакциясының директоры – редакторы. 2002 жылдан ҚР Журналистер одағының, 2005 жылдан ҚР Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Оның көптеген шығармалары республикалық ұжымдық жинақтарға енді. 2003 ж. “Махаббат бағы” атты тұңғыш туындысы, 2006 ж. “Шүберек қуыршақ” атты повестер мен әңгімелер кітабы “Арыс” баспасынан жарық көрді. 2002ж. Халықаралық “Шабыт” фестивалінің лауреаты. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2015 жылы ҚР Мәдениет және спорт Министрлігінің Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мерекелік медалін, 2016 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерекелік медалін, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Алғыс хатын иеленді. 2009 жылы – «Ақ Жайық қаламгерлері кітапханасы» сериясымен «Жүректегі құпия» (повесть пен әңгімелер) кітабы («Ағартушы» баспасы), 2014 жылы «Жазушы» баспасынан «Өкініш» атты төртінші жаңа кітабы, 2017 жылы «Үш қиян» баспасынан «Ар азабы» атты драмалық және прозалық жаңа кітабы жарық көрді.

2017 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

2019 жылы «Ар азабы» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының иегері атанды.

М.Шүйіншәлиеваға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №3-10 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
230

Еще по теме

113. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz