Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

112. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

(1956 ж.т., қазіргі Бөкей Ордасы ауд., Сайқын а.) – жергілікті басшы. 1979 ж. Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын, зооинженерлік факультетін, «Евразия» университетін бітіріп, экономист мамандығын алған. 1979 - 1986 жж Құрманғазы атындағы кеңшарда бас зоотехник болып еңбек жолын бастаған. Кейін партия қызметіне жоғарылатылып, аудандық партия комитетінде жауапты жұмыстар атқарды. Аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, аудандық партия комитетінің ауылшаруашылық бөлімінің меңгерушісі, М.Мәметова атындағы кеңшар парткомының хатшысы, 1991-1999 жж. әр түрлі шаруашылық жұмыстарда болды. 2000 -2011жж. аудан әкімінің аумақтық, экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары. 2012-2020 жж. аудандық мәслихаттың хатшысы болып зейнеткерлікке шықты. Қазіргі күні аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Қазақстан мәслихаттарына 20, 25-жылдық, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20, 25 жылдық мерекелік медальдерімен, "Бөкей ордасына - 210 жыл" төс белгісімен марапатталған. "Қазақстан Республикасының Құрметті депутаты"

Е.Таңатовқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №3-10 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
172

Еще по теме