Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

111. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

27 ақпан 1954 жылы Гурьев облысы, Балықшы ауданы, Плотовин ауылдық кеңесіне қарасты Еркінқала ауылында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын 1978 жылы емдеу істері мамандығы бойынша бітіреді. 1978-1979жж. Орал қаласында бір жылдық интернатурадан өтіп, кейін дәрігер-терапевт мамандығымен Орда аудандық ауруханасында еңбек жолын бастады. Еңбек жолын учаскелік терапевт болып бастап, 1991-1999жж. Орда аудандық ауруханасы жалпы соматикалық аурулар емдеу бөлімі меңгерушісі; 1999-2002жж. Сайқын отбасылық дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері, 2002-2003жж. аудандық аурухана директорының емдеу істері жөніндегі орынбасары, 2003-2004жж. аудандық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, 2004-2013жж. Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы директорының емдеу істері жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. Қазіргі күні аудандық ауруханада дәрігер эндокринолог. 1999-2003жж. Аудандық мәслихат депутаттарының ІІ-шақырылымында аудандық мәслихат депутаттығына сайланды.

«ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы» медалі, «ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығына» ҚР Президенті атынан Құрмет грамотасы, «ҚР мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі, Қызыл Крест және Қызыл Ай қызметіне қосқан үлесі үшін В.И.Пироговтың төсбелгісіне ие болып, 2016ж. облыстық «Еңбек жолы» байқауының «Жұмыс жасайтын жастардың үздік тәлімгері» номинациясы бойынша жеңімпазы атанып Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгіновтың атынан диплом, бағалы сыйлықпен , "Еңбек жолы" байқауы үздіктерінің Астана қаласында өткізілген Республикалық форумына қатынасып, ҚР Денсаулық сақтау министрінің "Алғыс хатымен" марапатталды. 2016ж. облыс көлемінде өткен "Пациент дауысы" конкурсының жеңімпазы.

Н.Нүркеноваға Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №3-10 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
211

Еще по теме

111. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР" - Yvision.kz