Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

11. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

ҒАЛЫМ

(1942 жылы Башқұртстан, Федоров ауданы, Раевка ауылында дүниеге келген), ғалым-маман, экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасының Жаратылыстану ҒА корр-мүшесі (1987), КСРО Газ өнеркәсібі министрлігінің үздігі. 1964 жылы Уфа мұнай институтын бітірген соң «Бұқара - Орал» газ құбыры трассасындағы Домбаров компрессор станциясында 1965-68 жылдары жұмыс істеген. 1968-1974 жылдары «Орта Азия-Орталық» магистралды газ құбыры Мақат аудандық басқармасында жауапты қызметтер атқарды. 1974-81 жылдары салынып жатқан «Орынбор – Батыс шекара» газ құбыры Орал дирекциясында, «Закасписктрансгаз» өндірістік бірлестігінің бас директоры. 1987-89 жылдары арнайы іссапармен Ливияда жұмыс істеді. 1989-97 жылдары аралығында «Югтрансгаз» (Саратов) бірлестігі бас директорының орынбасары, Орал облысы Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Батыстрансгаз» акционерлік қоғамының президенті болды. 1997 жылы қыркүйек айынан бастап «Батысгаз» ашық акционерлік қоғамының президенті. Еңбек Қызыл ту, Халықтар достығы орденімен және бірнеше медальдарымен марапатталған. Мәдени мұраны насихаттауға үлкен үлес қосқан ауданның құрметті азаматы.

Е.Әзербаевқа Орда аудандық мәслихатының 1996 жылғы 1 қарашадағы №13 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
227

Еще по теме