11 ҚАРАША - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ КҮНІ
11 қараша күні «Ресурстар мен энергияны пайдалану бойынша мектеп жобасы» халықаралық экологиялық желісі бастамасымен энергияны үнемдеу күні болып жарияланды. Мерекенің негізгі мақсаты - ресурстар мен энегия көздерін тиімді пайдалану үшін билік пен қоғамның назарын аударту. Энергияны үнемдеу мәселесі маңызды мәселе болып табылады. Энергияны үнемдеу қоршаған ортаның ластануын азайтуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, энергияны үнемдеу экономикалық тұрғыдан пайдалы. Оған қоса энергияны үнемдеудің оңай және қарапайым шаралары әркімге де қол жетімді және іс жүзінде барлық жерде қолдануға болады.
Осы орайда энергетика саласында қызмет етіп жүрген баршаңызды Кәсіби мереке - Энергетик күнімен құттықтаймыз! Барлықтарыңызға жаңа табыстар мен жетістіктер, отбасыларыңызға амандық тілейміз!.
