109. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
1956 жылы 17 қазанда Бөрлі ауданының Облавка ауылында туған. Батыс Қазақстан Ауыл шаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978ж. Ақтөбе облысының Қобда аудананың Калинин атындағы колхозда техникалық-қауіпсіздік инженері болып бастап, 1979ж. Орал ауыл шаруашлығын механикаландыру техникумында оқытушы, 1982ж. Комсомол комитетінің босатылған хатшысы, 1982ж. Батыс Қазақстан облысы Победа колхозының бас инженері, 1987ж. Бөрлі ауданындағы «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарының партия комитетінің хатшысы, 1990 ж. төрағасының орынбасары, 1992ж. «Красный маяк» колхозының төрағасы, 1995ж. «Бөрлі» агроассоциациясы төрағасы, 1996ж. Бөрлі ауданы әкімінің бірінші орынбасары, 1997ж. Бөрлі ауданының әкімі, 2001ж. БҚО әкімі аппаратының отын-энергетикалық кешен бөлімінің меңгерушісі, 2002ж. БҚО Кәсіпкерлік және отын-энергетикалық кешен департаментінің директоры, 2004ж. БҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, 2007ж. Батыс Қазақстан облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры, 2008ж. Батыс Қазақстан облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы, одан әрі облыс әкімінің орынбасары, облыс әкімінің бірінші орынбасары, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. 2017 жылы Атырау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты атанды.
Ұзақ жылдарғы ерен еңбегі жоғары бағаланып, «Құрмет», «Парасат», ордендерімен марапатталған. Бөрлі ауданының «Құрметті азаматы».
Батыс Қазақстан облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов болған жылдары облысты газдандыру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Мыңнан астам газ құбыры салынды. Ол Қарашығанақ-Орал, Новопавловка-Жымпиты, Жымпиты-Қаратөбе магистральды газ құбыры сияқты және тағы да басқалар. Әсіресе құрылысы қысқа мерзімде және облыстың ең шалғай аудандарының бірі Бөкей ордасы ауданының елді-мекендеріне газ құбырын тарту және газбен қамтамасыз ету бойынша Қайрат-Мұратсай, Мұратсай-Сайқын газ құбыры жоғары сапамен жүргізілді. Облыстың энгергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғ.Дүйсембаев ұйымдастырушы және орындаушы ретінде үлкен жұмыс атқарды. Нәтижесінде ауданның 20 елді-мекені 100 пайыз газбен қамтамасыз етілді.
Ғ.Дүйсембаевқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы №50-8 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
