108. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
19.11.1953ж. Орда ауданында,Жетыбай ел мекенінді мұғалім жанұясында дүниеге келді.1971 ж. М.Мәметова атындағы орта мектепті бітіріп, 1971-7973 ж.ж. М.Мәметова атындағы совхозда жұмысшы болып қызмет етті.
1973жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтына еидеу ісі факультетіне түсіп, 1979 жылы оны аяқтап шықты.1979-1980 жылдары интернатураны облтубдиспансерде өтті. Интернатураны өткен соң, Орда ауданына жолданды.
1983-1993 ж.ж. –туберкулез бөлімінің меңгерушісі.
01.01.1995ж.-Орда ауданының ТМО-13 бас дәрігері болып тағайындалады. 01.07.1999ж. Бөкейордасы денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі.
2002 ж.- Бөкейордасы аудандық аймақтық медициналық бірлестігінің директоры.
2004ж.- Аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды.
2006жылдан бастап бірнеше жыл аудандық туберкулез ауруханасының бас дәрігері болды. Қазіргі күні аудандық ауруханада дәрігер фтизиатр-рентгенолог болып қызмет етеді. ҚР ДСМ грамотасымнен марапатталған.
Н.Жанғалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №47-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
