107. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
1956 жылы 19 қазан күні дүниеге келген. 1974 жылы Ф.Энгельс атындағы орта мектепті бітірген. 1974 жылдың қараша айынан 1976 жылдың қараша айы аралығында Кеңес әскері қатарында қызмет атқарған. 1976-1977 жылдары Қ.Сағырбаев атындағы қой совхозында жұмысшы қызметінде болған. 1977-1982 жылдары Алматы Зоотехникалық малдәрігерлік институтында малдәрігері мамандығы бойынша оқыған. 1982-1984 жылдары Құрманғазы қой савхозында бас малдәрігері, 1984-1991 жылдары аралығында Искра қой совхозы бас малдәрігері қызметтерін атқарған. 1991-1995 жылдары Искра ауылдық округі әкімдігі жанында мал дәрігері болып қызмет жасаса, 1995-1997 жылдары Искра ауылшаруашылық кооперативінің директоры болды. 1997-2007 жылдары Искра ауылдық округінде малдәрігерлік инспекторы. 2007 жылдан 2020 жылдың 21 қазанына дейін Ұялы ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. Қазіргі күні зейнеткер.
Б.Оразғұловқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №47-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
