106. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(07.11.1948ж Орда а.)- еңбек ардагері. 1966ж. М.Горький атындағы орта мектебін бітірген. 1969 ж. Орал ауыл шаруашылық техникумын мал мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Орда совхозында I бөлімшесінде мал маманы болып бастайды. 1969-1971 ж.ж Кеңес армиясы қатарында 1972-1978ж.ж аралығында Орда совхозында комсомол комитетінің хатшысы қызметін атқарады. 1978-1979ж.ж Құрманғазы атындағы совхозда бөлімше меңгерушісі. 1979-1981ж.ж Орда ауданының Мәдениет үйінің директоры . 1981-2007ж.ж аралығында Орда ауданында жануарлар дүниесін қорғау саласында жұмыс істеді. Аудандық аңшылық және балық қоғамында мемлекеттік инспекторы.
2007 жылдан зейнеткерлікке шыққанға дейін «Дезинфекция» жеке медициналық мекемеде директор қызметін атқарды.
Р.Шәкіржановқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №47-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
