105. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1957 ж.т., Орда а. - 2021ж Хан ордасы а.) – кәсіпкер. 1979 ж. Алматы зоотехникалық-малдәрігер МК институтын, Еуразия институтының экономика факультетін бітірген. 1979-1987 ж. ауылшаруашылығы саласында мамандығы бойынша қызмет істеген. 1987-1988 ж. Орда аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1988-1997 ж. Орда ауылының әкімі, 1997-2000 ж. Орда ауылшаруашылық өндірістік кооперативі директорының орынбасары болды. Қазір “Хан ордасы” ЖШС-ның директоры. М. “Ерен еңбегі үшін” медалімен, “Тәуелсіздік” белгісімен марапатталған. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының, Батыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаттығына сайланған.
С.Мұхамбетшин Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №47-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
