104. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
1949 жылы Орда ауданының Ноғайбай ауылында дүниеге келген. Білімі – 7- кластық. 1957 жылы Әжен ауылында мектеп табалдырығын аттап, кейін оқуын Жәрмеңке, Сайқын ауылдарындағы мектептерде жалғастырған. 7 класс білім алғаннан кейін Ордадағы №9 ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінде трактор жүргізуші мамандығын алып, М.Мәметова атындағы кеңшарда трактор, комбайн айдап еңбек еткен. 1968-1970 жылдары Кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеген. М.Мәметова атындағы кеңшар тарағанша механизатор болып жұмыс істеді. Бірнеше мәрте социалистік жарыстың жеңімпазы, аудан чемпионы болып, есімі ауданның “Еңбек даңқы” кітабына жазылған, 3 рет аудандық партконференцияның делегаты болып сайланған. Үкімет наградасы - “Халықтар достығы” ордені және жергілікті атқару органдарының мақтау грамоталарымен марапатталған.
С.Қожантаевқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 қарашадағы №47-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
