102. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
1950 жылы 10 қыркүйекте Орал облысы, Орда ауданы, Сайқын ауылдық кеңесінің Жәрмеңке ауылында туған.1969 жылы Орал а.ш. техникумының ветеринария факультетін бітіріп, Жәнібек ауданының Т.Жароков совхозында ветсанитар, ветфельдшер жұмыстарын атқарған. 1969-1971 ж.ж.Кеңес Армиясы қатарында болған. 1972-1977 ж.ж. Мәскеу қаласында К.И.Скрябин атындағы Ветеринарлық Академияны бітірген. 1977-1983 ж.ж. Орда аудандық мал дәрігерлік стансасында аға мал дәрігері, бас мал-дәрігері, станса бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 1983-1986 ж.ж. Орда кеңшарының бас мал дәрігері қызметінде, 1986-1999 ж.ж. Орда ауданының бас мал дәрігері-ветстанса бастығы , 1999-2002 ж.ж. ҚР АШМ-нің Орда аудандық аумақтық басқармасының бастығы болған. 2002 жылдан осы кезге дейін ҚР АШМ АӨК МИК-нің Бөкей ордасы аудандық аумақтық инспекциясының ветеринария бөлімінің бастығы-ауданның мал дәрігерлік бас инспекторы қызметін атқарып келеді. Батыс Қазақстан облысының мамандығы бойынша үздігі номинациясының бірнеше дүркін иегері. ҚР АШМ Министрінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.
Ж.Сұлтанғалиевқа Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы №32-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
