101. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(01.09.1939 ж.т., Атырау обл., Теңіз ауд., Азғыр а.) – еңбек ардагері. Еңбек жолын 1956 ж. жүргізуші болып бастаған. Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының механика факультетін бітірген (1968). 1968-1975 ж. М.Мәметова атындағы кеңшар (Бөкей Ордасы ауд.) машина-трактор жөндеу шеберханасының меңгерушісі, кейін Мұратсай кеңшарында бас инженер, 1976-1981 ж. Бөкей Ордасы ауданы, НР 289 жол салу және жөндеу кәсіпорынының бастығы, 1981-2005 ж. Бөкей Ордасы электр жүйесі кәсіпорынының бастығы болып қызмет атқарды.
Т.Еркеғалиевке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 желтоқсандағы №32-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
