100. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
1956 ж.,Орда ауданы, Орда ауылы) 1977-1997 жылдары Бисен ауылында аға есепші, совхоз комсомол комитетінің секретары, кәсіподақ комитетінің төрағасы, ферма меңгерушісі, жұмысшылар кооперациясында төраға жұмыстарын атқарған. 1997-2003 жылдары жеке шаруа қожалығында. 2003-2004 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 2004-2007 жылдары аудандық демалыс орталығының директоры. 2007-2011жылдар аралығында аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы қызметін атқарды 2011-2019 жылдары «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Аудандық мәслихаттың IV, V, VI шақырылымы депутаты. Аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы. «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл», «ҚР мәслихаттарына 25 жыл», «Нұр Отан партиясындағы белсенді қызмет үшін», «ҚР еңбек ардагері», «ҚР кәсіподағының қайраткері» мерекелік медалдарымен марапатталған.
Т.Арыстанбековке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 21 қазандағы №31-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
