Перейти к содержимому

10-шы аймақ ОҚИДЫ

undefined6 наурыз Қостанай облысында "10-шы аймақ  ОҚИДЫ" облыстық акциясы өтті. Аталған акцияның бастамашысы Ы. Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхана болды. Акция жыл сайын наурыздың бірінші сәрсенбісінде өтетін Дүниежүзілік дауыстап оқу күніне орайластырылған. Акцияның негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің назарын кітаптың маңыздылығына және кітап оқу қызықты екендігіне аудару.

Биыл акция қатысушыларына көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын оқу ұсынылды.

Акцияға Қостанай облысының 130-дан астам кітапханасы қосылды, онда әр жастағы оқырмандар үшін Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндайтын түрлі іс-шаралар өтті. Акцияға 2000-нан астам кітап және оқу әуесқойлары қатысты.

undefined

undefinedundefined

0
0
1666

Еще по теме

10-шы аймақ ОҚИДЫ - Yvision.kz