Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

10. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"

Өнер қайраткері.

(01.11.1936 ж.т., Бөкей ордасы ауд., Орда а. - 17.08.2015ж Алматы) – көрнекті композитор, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1970), Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі (1990), профессор (1987). Орал педагогикалық училищесінде (1951-1955), Абай атындағы опера және балет театры жанындағы хор студиясында (1956-1958) оқыған. 1965 ж. Алматы консерваториясын (профессор Е.Г.Брусиловский класы бойынша) бітірген. 1964-1965 ж. “Қазақфильм” киностудиясында, 1965-1966 ж. “Мектеп” баспасында музыкалық редакцияны басқарған. 1966 жылдан Алматы консерваториясында педагогикалық қызметте болды. 1973-1984 ж. Қазақстан Композиторлар одағының II хатшысы, КСРО Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1984-1987 ж. Опера және балет театрының директоры, 1991-1997 ж. Қазақстан Композиторлар одағының I хатшысы қызметтерін атқарған. Ж-тың тұңғыш музыкалық шығармасы – “Жер” (О.Сүлейменов сөзіне) ораториясы. Сондай-ақ ол “Махамбет” операсының (1990), “Отан туралы кантата” (1972), “Еңбек даңқы” (1974), “Отан салтанаты” (1974), “Мерекелік шеру” (1980), “Достық” (1980), “Кең байтақ отаным менің” (1988) кантаталарының, “Халқым туралы ән” (1969), “Кек әні” (1978), “1731” атты вокалды-симфониялық поэмалардың, т.б. көптеген күрделі шығармалардың авторы. “Халықтар достығы” (1986) және “Парасат” (1999) орденімен марапатталған.

Б.Жұманиязовқа Орда аудандық мәслихатының 1996 жылғы 1 қарашадағы №14 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.

0
0
198

Еще по теме