Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

10 фактов из жизни кандидата от Nur Otan ТайтулееваТолеугали Мухамеджановича

1. Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген. 1983 жылы жоғарғы оқу орнын тарих және қоғамтану пәні мұғалімі және тәрбие жұмысы әдіскері мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын осы жылы Аягөздегі өзі оқып бітірген #5 орта мектептен бастаған. 2. 1986 жылы отбасын құрған. Қазір 3 баласы 5 немересі бар. 3. 2002 жылы “Nur Otan” партиясының мүшесі болды. 2013 жылдан бастап Партиялық бақылау комиссиясының Әуезов аудандық филиалы төрағасы, қалалық партиялық бақылау комиссиясының мүшесі. 4. 1989 жылдан бастап Кәсіптік және техникалық білім беру саласында қызмет етуде, ал 2007 жылдан бастап Алматы мемлекеттік энергетика және электронды технологиялар колледжінің директоры. 5. 2009 жылы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі саласындағы бақылау комитетінің шешімімен техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі атағын алды. 6. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті. 7. 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін колледждер арасында футзалдан ұлттық студенттер лигасының төрағасы. 8. 2012 жылы ҚР Президентінің бұйрығымен “Ерен еңбігі үшін” медалімен, 2017 жылы Ы.Алтынсарин белгісімен наградталды. 9. 2017 жылы ШҚО “Аягөз ауданының құрметті азаматы” атағын алды. 10. 2017-19 жылдар аралығында Алматы қаласы қоғамдық кеңестің мүшесі және комиссия төрағасы болды. @nur_otan_almaty

0
0
102

Еще по теме

10 фактов из жизни кандидата от Nur Otan ТайтулееваТолеугали Мухамеджановича - Yvision.kz