1 ЖЕЛТОҚСАН – ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн жаңа тәуелсіз мемлекеттің алғашқы президенті Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген халықтың құрметінің көрінісі.
Жаңа мемлекеттің іргесін қалаған - Нұрсұлтан Назарбаев көпшілікті және әлемдік қауымдастықты мойындатқан тұлғаға айналды. Еліміздің іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар берді.
Елбасы жүргізген салиқалы саясаттың арқасында әлеуетті, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті. Қазақстан бүгінде әлемдегі беделді елге айналды. Бұл әрине, Елбасы Тұңғыш Президент - Н.Ә. Назарбаевтың еңбегі.
Бүгінде біз үлкен биікті бағындардық. Бейбітсүйгіш отанымызға қалтықсыз қызмет етіп, тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентін мақтан тұтамыз.
Осынау ел халқының бірлігі мен берекесін ұлықтап, мемлекеттің мерейін асыратын мереке күні Сіздерге зор денсаулық, отбасылар-ыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз!
Ізгі тілекпен,
Аудан әкімі Салыхан Полатов
