Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

1 ЖӘНЕ 2 ТОПТАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІ

Тараз қаласы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін де жағдай жасалып, орталыққа келтірмей, өтініштерді үйлерінен қабылдауда жүзеге асырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қалауы бойынша электронды цифрлық қолтаңба алып, электронды үкімет порталында электронды қызмет түрлерін пайдалануға барлық Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері, электронды үкімет порталын пайдалануды үйретеді.1 және 2 топтағы мүгедектердің электронды цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда және де үйінде ғаламтор болса, электронды үкімет порталы арқылы көптеген қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіншілігі бар. Мысалға айтар болсақ, мекен-жай анықтамасын орталыққа келмей-ақ, үйінде рәсімдеуге мүмкіншілік бар, және де сол сияқты көптеген қызмет түрлерін электронды портал арқылы жүзеге асыра алады. Сізге Электроны үкімет порталында анықтама алу, кезекке тұру немесе электронды кілт арқылы жұмыс жасау түсініксіз болып жатса сіздер «1414» Бірыңғай Cаll-орталығының байланыс орталығына барлық операторларға хабарласып олардан кез-келген ақпараттарды тегін ала аласыздар. Портал арқылы көрсетілетін қызмет түрлері ақысыз түрде жүргізіледі.

 

«ХҚКО» Тараз қалалық  №2 бөлім инспекторы А.Д.Куримбекова

 
0
0
250

Еще по теме

1 ЖӘНЕ 2 ТОПТАҒЫ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАРҒА ҮЙДЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МҮМКІНДІГІ - Yvision.kz