1 маусым
2015 жылдың 1 маусымда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Баатыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері Орал қалалық мамандандырылған «Мейірім» бөбектер үйінің тәрбиеленушілерін халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен құттықтады.
Департамент басшысы Әділхан Әшірбаев өз сөзінде аға буын өкілдерінің негізгі міндеті – балалардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қоғау екендігін айта келе, балаларды мерекелерімен құттықтап, оларға зор денсаулық, сәттілік пен ашық аспан тіледі.
Әдеттегідей, балалар қонақтарды асыға күтіп, оларға өздерінің концерттік бағдарламаларын ұсынды. Ән салып, би билеп, ойындар ойнап және өлеңдер оқыды.
Концерттен соң балаларға сыйлықтар табыс етілді. Соңында, Департамент қызметкерлері балалармен тілдесуден, олардың шынайы күлкілерінен және бақыттан бал-бұл жанған көздеріне сүйсініп, ерекше әсер алып қайтты.

