1 маусым
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты және Орал қаласының мектептен тыс жұмыс орталығымен бірлесе «Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына» және «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай халқымыздың «Асық ату» ұлттық ойыны сайысын өткізді.
Мақсаты – қазақ ұлттық ойындарды насихаттау.
Әр ұлттың өкілдерінен қатысушы балаларға асықтың түрлері, атаулары, «Ханталапай», «Омпы», «Үштабан», «Бәйге», «Көтеріспек» («Атпақыл»), «Иірмекіл» ойындары түсіндіріліп, қалай ойналатыны көрсетілді.
Шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Сүйінбаев, Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты жетекшісі И.Спиридонов қатынасты.
Сайыс соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға Департамент басшысы атынан алғыс хаттар және естелік сыйлықтар табысталды. Шара мектептен тыс жұмыс орталығы үйірмелері қатысушыларының концертімен аяқталды.

