Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

1 мамыр

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді бүгінгі 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз әрдайым — бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ жоланы ұмтылған қуатты елміз! Еліміздің басты байлығы — қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық. Осы жетістіктерімізді бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету — әрбір отандасымыздың қастерлі міндеті болуы тиіс.

Бір шаңырақ астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, ынтымағымыз бен бірлігіміз мәңгі жасай берсін!

Қазіргі ел басына түскен қиын кезеңді ел халқыны достығы мен бейбітшілігі пен татулығы арқасында еңсеріп келеміз. Болашақта бізді бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғанына сеніміміз мол!

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға құт—береке тілейміз!

Еще по теме

1 мамыр - Yvision.kz