1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТҰРАҚТЫ ҚАЛА
«Nur Otan» партиясының бағдарлары – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру.
Қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру арқылы халықтың жұмыспен қамтылуын арттырамыз.
Бұл үшін, «Nur Otan» партиясы:
- Жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындарының жұмыс істеуі және оларды кеңейту арқылы мұнай өндіру көлемін жыл сайын сақтауды;
- Мұнай қалдығынан мазут топырағын тазалау жобасын іске асыруды (жыл сайын, жылына 300 мың тонна, «Таза су»);
- Жаңа газ өңдеу зауытын салуды (қуаты жылына 885-1000 млрд м3);
- «Өзенмұнайгаз» АҚ есептен шығарылған штангаларын Жаңаөзен қаласының жергілікті тауар өндірушілеріне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып, арматура цехын құруды;
- «Өзенмұнайгаз» АҚ есептен шығарылған арнайы құрылғылардың шиналарын Жаңаөзен қаласының жергілікті тауар өндірушілеріне белгіленген тәртіппен ұсынуды қамтамасыз ете отырып, шиналарды қайта өңдеу цехын құруды қамтамасыз етеді.
Тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету
Пандемия жағдайы еңбек нарығына түзетулер енгізіп, жұмыспен қамту саласындағы белсенділікті әлсіретіп, халықтың табысын азайтты.
Әр адам, өзін және өз отбасын лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете алуы үшін, «Nur Otan» партиясы тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша кешенді шаралар қабылдайды.
Ол үшін «Nur Otan» партиясы:
- Өндірісте ғана емес, әлеуметтік салада (білім беру, денсаулық сақтау) кадр тапшылығы проблемасын шешу бойынша кешенді шаралар қабылдауды;
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кадрларды қайта даярлау бағдарламаларын тиімді іске асыруды;
- Басқа өңірлерден білікті кадрларды тартуды;
- Жаңаөзен қаласының жұмыссыз тұрғындарын Ақтау қаласының туристік аймағын дамыту шенберіндегі құрылыс жұмыстарына орналастыруды;
- Кешенді жоспар аясында (денсаулық сақтау, білім, мәдениет, инженерлік инфрақұрылым, көлік жолдары, тұрғын үй салалары)
12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 268 жаңа жұмыс орнын құруды қамтамасыз етеді.
Жалпы алғанда, бес жыл ішінде инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқылы 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті қолдау
Шағын және орта бизнесті дамыту – аймақ экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады. Бизнестің қала экономикасына жыл сайынғы қосатын үлесі артты. Бұл жұмыспен қамту деңгейіне, өндіріс көлемінің өсіуне және салық түсімдерінің көлемінің ұлғаюына оң әсерін тигізді.
«Nur Otan» партиясы:
- Жаңаөзен қаласының индустриялық аймағының толымдылығын;
- Технопарк (индустриялық аймақ), Агроаймақтың аумағында және Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарынан жер учаскелерін жалға берумен кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіру көлемінің ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарын құруға;
- «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы шеңберінде
104 жобаны субсидиялау (312 жұмыс орны) және 21 жобаға өтеусіз негізде гранттар беруді (40 жұмыс орны);
- 2025 жылға дейін Жаңаөзен қаласының Кешенді жоспары шеңберінде жыл сайын кемінде 200 адамды оқытуды;
Бұл шаралар 2025 жылға қарай шағын және орта бизнес кәсіпорындарының санын 8,5 мыңға дейін, ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар санын 24 мың адамға дейін, өнім шығаруды 80,5 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Туризмді дамытуды қолдаймыз
Жаңаөзен қаласы арқылы темір жол, халықаралық және республикалық маңызы бар автокөлік жолдары өтеді.
Каспий теңізінің жағажайлары Маңғыстау облысына туристерді тартатын негізгі фактор болып табылады. Әзірге Каспий теңізіндегі жағажай туризмі үлкен сұранысқа ие. Бұл үшін жаңа заманауи жағажай курорты үшін өте қолайлы таяз Кендірлі шығанағының әлеуеті пайдаланатын болады.
Жаңаөзен қаласы жер астындағы Бекет ата мешітіне барар жолдың бойында орналасқан. Біз көрнекті жерлерге бағыт жолдар жанында кемпингтер, жанармай кұю бекеттері мен дәмханаларды ашу арқылы этно-туризм мен жол бойындағы қызметтердің дамуына ықпал етеміз.
#nurotan #nurotanmangystau #nurotanzhanaozen
