«№ 1 ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА» ШЖҚ МКК-ДА «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫН КӨПШІЛІККЕ ТАРАТУ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қ. бойынша департаментінің қызметкерлері Халыққа қызмет көрсету орталығымен бірлесіп 2017 жылғы 20 маусым күні мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру және «электрондық үкімет» порталы арқылы электронды мемлекеттік қызметтерді алу жөнінде № 1 қалалық аурухана ұжымына семинар өткізді.
Оқыту іс-шаралар электронды түрде көрсетілетін қызметтердің санын арттыруға бағытталған «Е-gov – шұғыл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» науқаны шеңберінде ұйымдастырылды.
Ұжымды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді.
