05.03.2015
Жемқорлықпен күрес – баршамыздың міндетіміз!
2015 жылғы 5 наурызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» " Парасат" колледжінің студенттеріне түсіндіру бойынша кездесу өткізілді.
Кездесу барысында департамент қызметкерлері Стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіндігін және ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіндігін атап өтті. Сондай-ақ, кездесуге қатысушыларға аталған індетпен күресу – баршамыздың міндетіміз екендігі түсіндірілді.
Кездесу соңынан студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
