Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

05.03.2015

Жастарға әрдайым жол ашық.
2015 жылдың 4 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев «Жас тұлпар» клубының жас мемлекеттік қызметшілерімен кездесті. Кездесуге облыс әкімдігінің басшылығы, жас мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес ұйымдарының көшбасшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ғалым Сұлтанұлы, өз сөзінде, аталған клубтың жұмыс бағыты мен басымдықтарына тоқталып, осындай ұйымның маңыздылығы зор екенін атап өтті. «Жас тұлпар» клубының басты мақсаты жас мемлекеттік қызметшілерді бір ортаға жинап, олардың арасында қарым-қатынас орнату, өзара пікір-алмасу алаңын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің азаматтық ұстанымдарын дамыту үшін жағдай жасау, кәсіби және іскерлік қабілеттерін дамыту, мемлекеттік қызметтің оң бейнесіне және беделін көтеруге бағытталған жұмысты жалғастыруға ынталандыру.
Жиналыс барысында Кеңестің жаң құрамы бекітіліп, жас мемлекеттік қызметшілер клубтың мүшелігіне қабылданды.

0
0
325

Еще по теме

05.03.2015 - Yvision.kz