Перейти к содержимому
zko.nurotan.kz

Филиал ЗКО

@zko.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 24 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Западно-Казахстанской области

рейтинг

250

жазбалар

702

пікірлер

0

тіркелуші

14

жазылымдар

14

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің орынбасары Ардақ Ізімқызы тұрғынды қабылдады

Өткен бейсенбі күні Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ардақ Ізімқызы Мұқанова бір топ тұрғынды қабылдады. Қабылдауға облысымыздың Қаратөбе, Жәнібек аудандарының тұрғындары онлайн байланысқа шықса, Орал қаласы қаласының тұрғындары офлайн қатысты. Тұрғындар тарапынан мүгедектік топқа шығу, санаторияларға жолдама беру, мүгедектік тобын кері қайтару сынды мәселелер көтерілді. Ардақ Мұратқызы әр сұраққа жауап беріп, шалғай аудандарда өтетін көшпелі комиссияның отырысына дайындалу қажет екенін ескертті.

#nurotan #қоғамдыққабылдау

0
0
400

Ақсай қаласының тұрғыны 30-шы бағыттағы автобустың санын көбейтуді сұрап хабарласты

«Nur Otan» партиясының Бөрлі аудандық қоғамдық қабылдау бөлмесіне Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласының тұрғыны 30-шы бағыттағы автобустың санын көбейтуді сұрап хабарласты. Өйткені автобусқа қарбалас уақытта адамдардар сыймай, бірнеше сағат күтуге мәжбүр. Көліктік компаниялары алдында осы мәселені көтерген Бөрлі аудандық мәслихатының депутаты Нұрия Муфтееваның араласуынан кейін аталған бағытқа қосымша автобустар берілді. ⠀ Сонымен қатар, Сырым аудандық мәслихатының депутаты Шынар Дүйсенғалиеваға Түркіменстан Республикасының тумасы, зейнеткер жүгініп, тұрғылықты мекен-жайға тіркелу мәселесі бойынша көмек сұрады. Бұл кісі денсаулығына байланысты шет елдерге шыға алмайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда туыстарымен тұратын Тұрлыбекова Роза зейнетақы рәсімдей алмай жүр. ⠀ Мәселені шешу үшін «…

0
0
200

Облыстық мәслихат депутаты Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы тұрғындарды қабылдады

2 маусым күні облыстық қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдауда бейне байланыс арқылы жалғызбасты ана мүмкіндігі шектеулі қызымен бірге көпқабатты үйде тұратынын баяндап, қызының күнделікті қозғалысына, емдеу шараларына баруға, жоғарғы қабаттан төменге түсіп, жүріп-тұруына көмек сұрап, хабарласты. Анамыз қызын жалғыз өзі көтеріп, түсіріп жүре алмайтындығын айтты. Хабарласқан тұрғынымыздың толық байланыс деректерін жазып алып, Тлемісов Тұрарбек Тлемісұлы жергілікті еріктілерге сауал жолдады. Анамыздын жағдайын егжей-тегжейлі түсіндіріліп, көмекке еріктілердің күші жұмылдырылатын болды.Келесі хабарла…

0
0
129

Ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды

2021 жылдың 02 маусым күні «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілерімен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, көліктік бақылау инспекциясының, «КазАвтоЖол ҰҚ» АҚ облыстық филиалының, жергілікті полиция қызметінің басшылары қатысты.Комиссия мүшелері жүргізушілердің талап-наразылықтарын тыңдап, келтірілген аргументтерге құзырлы органдардың басшыларының жауабын қаперге алып, келесі ұсыныстарды ортаға шығарды:1. Ақтөбе-Орал бағыты бойынша жол сапасы ақылы жол енгізуді көтермейді.2. Жол ақысын енгізу кезіңде төленетін ақы бойынша әрбір көлік түрлеріне немесе шақырымдар бойынша негіздері келтірілген ақпаратты халыққа жет…

0
0
186

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шықты

2021 жылдың 30 мамыр күні Орал-Атырау жол бағытындағы «Хазар» кейпингісінде ақылы жолға наразылықтарын білдірген ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері ереуілге шықты. Аталмыш жерге облыстық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері барып, жүргізушілермен сөйлесіп, мәселені анықтады. Жүргізушілерге құзырлы мемлекеттік органдармен партиялық бақылау комиссиясының отырысында кездесіп, нақты ұсыныстарды тақылау айтылды.Наразылықтар 31 мамыр күні де өтті. Ақпарат бойынша 01 маусым кешке қарай тағы да жүргізушілер аталмыш мәселені қозғайды.Осыған орай, 02 маусым күні облыстық партиялық бақылау комиссиясы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының, «КазАвтоЖол ҰҚ» АҚ БҚО филиалының, БҚО бойынша көліктік бақылау инспекциясының, жергілікті полиция қызметінің басшыларымен және жүр…

0
0
247

Мұқаев Мұрат Рахметұлымен бірге қоғамдық қабылдау

Бүгін қоғамдық қабылдау бөлмесінде Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихат депутаты Мұқаев Мұрат Рахметұлы тұрғындарды қабылдады.Қабылдауға жазылған әрбір азамат назардан тыс қалмай, әрқайсысына түсініктемелер мен кеңестер берілді.Қабылдау барысында Казталов ауданының тұрғыны, зейнеткер ана өз мәселесін айта келді. Ауданда апатты үй кезегі бойынша 9 орында тұрғандығын айтып, бірақ кезегі бойынша әлі үй ала алмай жүргендігін атап өтті. Аталған мәселе бойынша М.Мұқаев аудан әкіміне хабарласып, барлық мән-жайын білді. Осы сұрақ бойынша кезекті аудан әкімінің қабылдауына жазылып, заңнамалық тұрғыдан барлық түсініктемелер берілді. Сонымен қатар, баласының мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмай жүргендігін айтып, депутаттан көмек сұрады. Аудан тұрғын…

0
0
247

Қиын өмірлік жағдайдағы отбасылардың тұрмыс жағдайларын білу мақсатындағы рейд жұмыстары

Бүгін «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалар құқықтарын қорғау» жөніндегі кеңес мүшелері: Л.Турсынова, Р.Кубейсинова, Т.Жунусова, С.Загидуллина, А.Тарасқызы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының әлеуметтік көмек бөлімінің бас маманы Г.Нуриденова, №5 қалалық емхананың ОП және СПП бөлімінің меңгерушісі Ұ.Мендіғалиева және ювеналды полициясының инспекторы Т. Камешевтің қатысуымен қиын өмірлік жағдайларға тап болған отбасылардың тұрмыс жағдайларын білу мақсатында, сонымен қатар, "Балалар үшін қауіпсіз және жайлы Инфрақұрылым» атты акция аясында ашық люктердің болуы, аулаларды жарықтандыру, қозғалыс қауіпсіздігіне қала аумағында орналасқан шағын аудандарында рейд жұмысы ұйымдастырылған болатын.Рейд барысында қиын өмірлік жағдайларға тап болған…

0
0
288

Халық аманатын орындау - негізгі басымдылық

Кеше «Nur Otan» облыстық филиалының кезекті ХХVII есеп-беру сайлау конференциясы өтті. Іс шарада партияның облыстық филиалының және Бақылау-тексеру комиссиясының 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері айтылды. Конференцияны ашқан облыстық филиал төрағасы, облыс әкімі Ғали Есқалиев облыстық конференция алдында жоғары ұйымдастырушылық-саяси деңгейде өткен 241 бастауыш партия ұйымдарында есеп беру-сайлау жиналыстары мен 13 аумақтық филиалдарда конференция өткізілгенін атап өтті. Жаңадан сайланған бастауыш партия ұйымдары төрағаларының ішінде әйелдердің үлесі 33%-ды, ал 35 жасқа дейінгі жастардың үлесі 26%-ды құрады. БПҰ төрағаларының құрамы өткен жылмен салыстырғанда 15%-ға жаңартылды. Төрағалардың 6,2%-ы әр деңгейдегі мәслихат депутаттары болса 6%-ы парт…

0
0
265