«Nur Otan» партиясы праймеризінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті
«Nur Otan» партиясы праймеризінің екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Праймеризге қатысып, партияластардың қолдауына ие болған кандидаттар арасынан партия конференцияларында облыстық және аудандық мәслихаттар депутаттығына партия атынан кандидаттар тізімдері бекітілді.Бүгін, Қарағанды облыстық филиалдың партиялық конференциясында пікірсайысқа қатысқан Жаңаарқа аудандық филиалынан праймериз кандидаты, жерлесіміз Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы, ҚР Парламент Мәжілісіне партия атынан сайланатын кандидаттар тізіміне қосылды.Жаңаарқа ауданының жұртшылығы мақтан тұтар азаматтарының бірі Аманжол Дүйсенбайұлы, өзі қадам басқан жауапкершілігі мол қызметті абыроймен атқарады деп сенеміз.Жерлесімізді осы жетістікпен құттықтай отырып, алдағы қызметте сәттілік тілейміз.