Мазмұнға өту
usergoogle108072539533159636522

Agro Qogam

@usergoogle108072539533159636522

Сайтта 2022 ж. 19 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

340

пікірлер

2

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Ұсақ малдың жұқпалы әрі емі жоқ аурулары туралы не білеміз

Қойларда кездесетін инфекциялық ауруларды диагностикалау әрі дер кезінде емдеу өте маңызды. Себебі бұл аурулар бүтін бір фермадағы қойларға ғана емес, адамға да жұғу қаупі бар. Құтыру – қойларда кездесетін қауіпті ауру. Оны анықтаған жағдайда, ауру қой отардан бірден аластатылады. Ауру жұқтырған қой өледі. Отардағы барлық қой бұл ауруды жұқтырып алуы мүмкін, тіпті ол адамға да жұғады. Аурудың қоздырушысы залалсыздандыратын құралдардың сілтілік, қышқылдық түрлеріне, және жоғары температураға тұрақсыз вирус болып саналады. Оның екі түрі бар. Бірі – тыныш түрі, екіншісі – белсенді түрі. Алғашқысында қойлардың дауысы өзгеріп, дауысы қырылдап қалады. Аузынан сілекейі көптеп ағып, жүрісі баяулап, теңселіп қалады. Одан кейін ол тамақ ішуден қалып, денесі тырысып қалады.Белсенді түріндегі құтыру…

0
0
229

Ерсұлтан Әбдраман: «Түркістанда үлкен-үлкен жылыжайлар гектарлап қаңырап бос тұр»

Ол өз үйінің алдына жылыжай салып, бүгінге шағын кәсібін дөңгелетіп отыр. Agroqogam.kz тілшісімен сұхбаттасқан түркістандық өз өңіріндегі өзекті мәселелер мен аграрийлердің басты проблемаларын ашық айтты.Ерсұлтан Әбдраман 20 жасынан бастап өсімдік шаруашылығы саласында еңбек етіп, тәжірибе жинақтаумен келеді. Осы уақытқа дейін жинаған білімінің арқасында ол Түркістаннан жалпы көлемі 1500 шаршы метрді құрайтын жылыжайды жалғыз өзі жүргізіп отыр. Қызанақ, қияр, аскөк, базилик және т.б. көкөністерді жыл он екі ай өсіріп, табыс табуда. Түркістан өңірін көбі жылы, өсімдік шаруашылығына жайлы деп есептегімен, бұл облыста өзіндік ерекшеліктер жоқ емес, оған қоса қиындықтары да көп.Мәселен, өңірдегі ең басты проблемалардың бірі – мамандардың тапшылығы, деп есептейді жас маман. Айтуынша, осы және…

0
0
261

Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле!» акциясын жариялайды

Аграрлық несие корпорациясы «Қарызды өсімпұлсыз төле!» акциясын бастап жатыр. 2022 жылғы 7 қараша мен 30 желтоқсан аралығында өтетін шара аясында 31-қазандағы жағдай бойынша мерзімі өткен қарыз алушылар мен лизинг алушылар (жеке және заңды тұлғалар) оны өсімпұлсыз өтей алады. Продолжение у нас на сайте #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
200

Кербұлақта моншадан аққан лас су 4 шаруа қожалығына зиянын тигізіп отыр

Төрт бірдей шаруа қожалығының өкілдері шағым айтқан монша иесі жуынатын орыннан шығатын лас суды таудан аққан суға ағызады деп шағымдануда. Бұл мәселені облыс әкімі Бейбіт Исабаев тікелей прокуратураның қарауына тапсырды, деп хабарлайды Agroqogam.kz.

Өңір басшысының кезекті кездесуінде бірнеше шаруа қожалығының жұмысына кедергі келтіріп отырған мәселе көтерілді.

«Таудан құлап аққан судың үстіне салынған монша мәселесі бойынша 4 шаруа қожалығының азаматтары шағымданған болатын. Заң бәріне ортақ қой. Осы моншаның салынуының заңдылығын тексеруге құзырлы органдар тосқауыл болып отыр, мәселені шешуге кедергі болып отыр деген әңгімені естігендіктен заңды-заңсыздығын анықтап, ықпал етсеңіз», – деді Дина Балқашқызы. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
267

Ұсақ мал арасында ең көп таралған ауру түрлері қандай

Бұған дейінгі мақаламызда біз қойларда кездесетін аурулардың алдын алу жолдарын айтқан болатынбыз. Бұл жолы қойлардың жұқпалы емес дерттерінің түрлеріне тоқталмақпыз. Ұсақ мал арасында ең көп таралған қой аурулары қандай деген сауалға жауап іздеп көреміз.Жұқпалы емес қой аурулары мал үшін аса қауіпті емес және олардың емі бар. Бастысы – емді уақытылы бастау. Жұқпалы емес қой ауруларының түрлері өте көп. Мәселен, безоар ауруы.Бұл – мал асқазанында жүн мен өсімдік талшықтарының иленіп қалуы салдарынан болатын дерт. Көп жағдайда бұл аурумен жас мал ауырады. Олар енесінің сүті жеткіліксіз болғандықтан, ағзасына минералдар мен дәрумендер жетпей, нәтижесінде ол өзінің жүнін жей бастайды. Осылайша ол ағзасындағы пайдалы заттардың жеткіліксіздігін толтыруға тырысады. Ауру мал өзін жайсыз сезініп,…

0
0
312

Ұлан Абдуллин: «Ауылды қалпына келтірмей болашағымыз жоқ»

100 млн адамды нанмен қамтамасыз етіп, Одақтың қорына 360 мың тоннаға дейін жоғары сапалы етті жөнелтіп отырған елдің қазірде азық-түлікті өзге елдерден тасымалдап отырғаны өкінішті. Астық дақылдары жоғары өнім берсе, бізде нан қымбаттайды, деп 83 жастағы ауыл шаруашылық ардагері өкінішпен баяндайды.– Мен, Ақтөбе облысының шетіндегі Ырғыз ауданында дүниеге келдім. Мектептен кейін ауыл шаруашылық институтында инженер-механик мамандығына оқып, 1969 жылға дейін «Тәуіп» совхозында жұмыс жасадым. Ауылшаруашылығына ондаған жылымды арнадым.«Тәуіп» совхозы Қызылорданың Арал ауданымен шектесетін Ақтөбе облысының ең шеткі ауылдарының бірі еді. Совхозда еділбай тұқымды қой өсірумен айналысатын. Өте табысты шаруашылық болатын. Қойдың жүні қымбат бағаланып, кілем мен костюм матасына пайдаланылатын. Жа…

0
0
323

Құс бағушы Евгения

Арманы үлкен құс фабрикасын ашу. Әзірше, өз ауласындағы сарайда бағып отырған құс еті және жұмыртқасымен ақтөбеліктерді бағып келеді.Сауданы бала кезден үйренгенЕвгения Макаревич Ақтөбеден 52 шақырымдағы Алға қаласына Қарағандыдан 6 жасында көшіп келді. Анасының туған өлкесі осы жер еді.Мектеп бітірген соң училищеге оқуға түсті, КИПиА – бақылау-өлшеу аспаптары және жабдықтар слесарі болды. Көптеген алғалықтар секілді жергілікті химиялық зауытқа жұмысқа орналасты. Бірақ, 90-жылдар болғандықтан, кезінде бүкіл Одаққа танымал болған зауыт жабылып қалды. Евгения Макаревич училищені үздік бітіргендіктен институтқа жолдама алды.«Оқуға бармадым. Зауыт жабылып және жұмыс жоқ кезде оқып не қыламын ? Және отбасымда бес баланың үлкені болғандықтан кішілерге көмектесуім керек болды. Осылайша саудагер…

0
0
251

Жаңа туған қозыларға қандай күтім жасалады: шаруаларға арналған қарапайым кеңестер

Отардағы бір төлді, бірақ екі қозыны емізуге қауқарлы мықты саулықтарды таңдап алу арқылы қажет сүттің орнын алмастыруға болады. Осы және басқа да тәсілдер туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
175

Жаңа туған қозыларды сақтап қалудың оңтайлы тәсілдері

Бұл жолы біз жаңа туған қой төлдері мен саулықтарға дұрыс күтім жасаудың алғышарттарына тоқталмақпыз.Қойдың жас төлдері туғанынан бастап өте көп күтімді қажет етеді. Мықты, дені сау жас төлдер түшкіру арқылы мұрнын және аузын жалқаяқтан өзі тазалап алады. Ал әлсіздері оған қауқарлы емес. Сол себепті әлсіз қозылар тұншығып қалмас үшін, оларға көмек көрсету қажет болады. Ол үшін туа сала қозының танауын жалқаяқтан таза орамалмен немесе балғын сабанмен тазартып, аузын ашып, оған ауа кіргізеді. Егер бұл көмектеспесе, онда жаанды тыныстындару арқылы көмек береді. Бұл үшін қозыны шалқасынан жатқызып, алдыңғы сирақтарынан алға тартып, қайта кеудесіне қарай бүгу қажет.Туғаннан кейін әдетте қозының кіндігі өзі үзіледі, қажет болған жағдайда оны қарыннан 8-10 см болатындай кесіп, йод ерітіндісімен…

0
0
605

Наталья Новикова: «Бізде халық табиғи мен сапасыз ірімшіктің ара-жігін ажырата алмайды»

Барлық талаптарға сай, халықаралық ірімшік түрлерінің бірсыпырасын шығарумен айналысатын шағын кәсіпкер Наталья Новикова бұл күрделі кәсіпке қалай келгенін, бұл салада қандай проблемалар барын айтып берді, деп хабарлайды Agroqogam.kz. Еліміздезі ең ірі мегаполиске таза ірімшік жасау ісімен айналысатын кәсіп иелері көп емес. Солардың бірі Наталья Новикова. Ол бес жылдан бері осы кәсіптің қыр-сырын үйреніп, бүгінге кәсіби сыр жсаушыға айналған. Қызығушылықтан кәсіпке айналған ірімшік жасау ісін ол жанындай сүйеді. Сол үшін, кәсіптің айтарлықтай пайдасы болмаса да, ірімшік жасауды тастамаймын дейді. Жалғасы біздің веб-сайтта #agroqogamkz #agro #agronews

0
0
394