Мазмұнға өту
usergoogle106130794574359253877

Gold Press

@usergoogle106130794574359253877

Сайтта 2022 ж. 15 наурыз

Блог в котором не молчат. Самые актуальные темы Казахстана.

рейтинг

250

жазбалар

670

пікірлер

5

тіркелуші

9

жазылымдар

0

Ұлттық музей басшылығы қаражат жымқырды деген күдікке ілінді

Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның» әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр.

0
0
241

4 пайыздық автонесие: автосалондарда ұзын-сонар кезек пайда болды

Тұран көшесіндегі автосалондарда және Нұр-Сұлтандағы басқа да автосалондарда 50-ге жуық адам кезекте тұр.

Телеарна түсірген видеода ондаған адамның салон алдында кезекте тұрғаны көрсетілген.

«Тұран көшесіндегі KIA салонында сол маркалы көліктер ендігі жоқ, тек JAC қалған. Тұрғындар көршілес тұрған Chevrolet салонына бара жатыр. Адамдар сыртта кезекте тұр. Ішке 10 адамнан кіргізіп жатыр», - делінген телеарна хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін жеңілдетілген автонесиеге өтініш қабылдау басталды. Бағдарлама шарты бойынша, кез келген қазақстандық 4 пайызбен несиеге көлік ала алады. Автонесиеге 10 миллион теңгеден аспайтын көлік алуға болады.

Жеңілдетілген автонесиеге 100 миллиард теңге жұмсау жоспарланып отыр.

0
0
321

Генерал Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды

«Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігі 1-тармағы «Ауыр зардаптарға алып келген қызметтегi әрекетсiздiк» бойынша тіркеліп, Серік Мырзақұлұлы Күдебаев күдікті деп танылған облыстық ПД лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасып жатқанын хабарлаймыз», - деді Бас прокуратура.Ведомство мәліметінше, ҚІЖК-ның 201-бабына сәйкес соталды тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды, «соған байланысты қойылған сұрақтарға толық жауап беру мүмкін емес».Еске салайық, Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев 18 ақпанда қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.Сәуірдің басында әлеуметтік желілерде Күдебаевтың қаңтар оқиғасына қатысты қылмыстық іске қатысы бар деген ақпарат тараған болатын. Бұған Бас прокуратураның Алматы, Жамбыл және Қ…

0
0
296

Қазақстанда АЕК пен ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

Сонымен, 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Қазақстанда есептік көрсеткіштер мөлшері мынадай болады:

· мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 20 191 теңге (бұрын - 19 450 теңге);

· ең төменгі зейнетақы - 48 032 теңге (бұрын - 46 302 теңге);

· айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 180 теңге (бұрын - 3 063 теңге);

· базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі - 37 389 теңге (бұрын 36 018 теңге).

Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойған болатын.

0
0
254

Мәсімовтің қамау мерзімі ұзартылды

Осыған дейін оны қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартылған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу тобы К.Мәсімовке, Ә.Садықұловқа, Д.Ерғожинге және басқа да күдіктілерге қатысты тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы К.Мәсімов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Ә.Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 маусымына дейін, сондай-ақ бұрынғы орынбасары Д.Ерғожинді қамауда ұстау 13 маусымға дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.

Фото алынды sputnik.kz

0
0
276

Полиция Алматыдағы «рэкеттер» туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Бұған дейін БАҚ «Алматыда рэкеттер алым-салық талап етіп, атыс шығарғаны» туралы хабарлаған болатын. Атыс кезінде екі ер адам жараланған. Оқиға Алматының Медеу ауданында болған.

«Алматыдағы рэкеттер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бір көшеде тұратын көршілер арасындағы қарапайым тұрмыстық жанжал. Сонымен қатар, бірнеше адам болды деген ақпарат та жалған. Күдікті - бір адам, ол дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды»,- деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Полиция өкілдері шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бұл деректі қазір Медеу аудандық Полиция басқармасының аумақтық бөлімшелері анықтап жатыр.

0
0
293

Қарағандыда кондуктор мен автобус жүргізушісіне шабуыл жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Қазыбек би аудандық соты автобус жүргізушісіне пышақ ала жүгірген қарағандылық азаматқа қатысты қылмыстық істі қарады. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 3-бөлігімен «Пышақ қолдануға оқталу арқылы бұзақылық жасады» деген айып тағылды.Қылмыстық іс осы қыста болған. 23 жастағы жолаушы автобуста келе жатып, аяқ киімін сүрткен шүберекті еденге лақтырып жіберген. Кондуктор ер адамға ескерту жасағанымен, жолаушы кешірім сұраудың орнына оның бетінен ұрған.Автобус жүргізушісі кондукторға көмектесемін дегенде оған жұдырығымен шабуыл жасаған. Сосын қалтасынан жиналмалы пышағын шығарып, жәбірленушілерді қорқытқан. Осыдан кейін ол көшеге шығып автобустың дөңгелектерін зақымдаған.Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкінетінін мәлімдеді. Бас бостандығынан айырмауды және ең төменгі жаза тағайындауды сұ…

0
0
239

Қызылордадағы атыс: үш адамды өлтірді деген күдіктілер ұсталды

«Оқиға болған жерді және күдіктілердің тұрғылықты мекенжайын тексеру барысында бес қару-жарақ, бірнеше оқ-дәрі, есірткі және жеті автокөлік айғақ ретінде алынып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық қатысушының жеке басы анықталып, жәбірленуші тараптың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Жоғарыда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтар негізінде сегіз қылмыстық іс, яғни адам өлтіру бойынша - 2, бұзақылық бойынша - 2, қарудың заңсыз айналымы бойынша 3 іс және есірткінің заңсыз айналымы бойынша бір іс тіркелді», - деді Қызылорда облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің мән-жайын жан-жақты, толық және объектив түрде тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

0
0
358

МКК өкілдері кедендегі заңбұзушылықтар туралы айтты

Ведомство мәліметінше, Президенттің тапсырмасы бойынша МКК қызметкерлері Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топтың құрамында сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларға, сондай-ақ уәкілетті экономикалық операторларға (УЭО) және Қытаймен шекаралас өткізу пункттеріне тексеру жүргізген.«9 уәкілетті экономикалық оператор және 1 уәкілетті экономикалық оператор бөлімшесіне қатысты анықталған бұзушылықтар бойынша жергiлiктi кедендiк тексерулер аяқталды, қосымша өндiрiп алу сомасы (берешек, өсімпұл және өсімпұлды төлей отырып, салық сомасын ұлғайту. - еск.) 107 миллиард теңге болды. Сондай-ақ 58 миллиард теңгеге салық төлеуден жалтару деректері анықталды. Үш жыл ішінде заң бұзушылықтың жалпы сомасы - 165 миллиард теңге. Сонымен қатар, комитет 398 миллиард теңгеге жалған электрон шот-ф…

0
0
275

Мәдениет министрлігі Сурдлимпиада комитетін сотқа береді

Бразилияда өтіп жатқан жазғы Сурдлимпиадаға ұлттық құрама командасынан сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша 59 спортшы қатысып жатқаны белгілі.Министрліктің мәліметінше, ҚР Ұлттық Сурдлимпиада комитеті ҚР заңамасына қарамастан, өз тараптарынан жариялап бірқатар спортшыны, оның ішінде Қанафин Еркебұланды жарысқа апарған.«Қанафин Еркебұлан бұрын-соңды есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы ресми жарыстарға қатыспаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының мүшесі емес және дене мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған спорт ұйымдарында тіркелмеген. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде аудиограмма нәтижелері және жалпы спортшының денсаулық жағдайы туралы ақпарат жоқ.Бұған қарамастан Ұлттық Сурдлимпиадалық комитет Еркебұлан Қанафинді өз есебінен жарысқа жіберіп, Қазақстанны…

0
0
230