Мазмұнға өту
userfacebook1956386281148330

Газиз Аманжолулы

@userfacebook1956386281148330

Сайтта 2019 ж. 7 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

43

пікірлер

32

тіркелуші

15

жазылымдар

31

Ата заңды партия филиалы өкілдері асқақтатты

«Айбарлы асқар елдің Ата заңы» атаулы шараның шымылдығын партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев ашып, филиал өкілдерін мерейлі мерекемен құттықтады. Содан соң Әнұран ойналды. - Ата заң – ұлттығымыздың айғағы, егемендігіміздің тірегі. Ширек ғасыр бұрын тарихи қадам жасалып, елдің Конституциясы тұғырына қонды. Тұғырлы еліміздің Ата заңын қастерлеу арқылы оның құндылығын асқақтата түсеміз. Әлем жұртшылығы Қазақстанның атауын мәңгі естуге жазсын, - деді Ж.Әкебайұлы.Мұнан соң партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Жөргенбаев «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен партия филиалы төрағасының орынбасары Г.Тойлыбаеваны, филиалдың бірыңғай персоналды басқару жөніндегі консультанты Д.Аналдинованы марапаттады. Марапат легі бірқатар қызметке…

0
1
475

Жүйрікте де жүйрік бар...

Бүгін «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы өкілдерінің ұйымдастыруымен «Арғымақтар аламаны» атты онлайн сайыс өтті. Сайыстың мақсаты – Алматы облысына қарасты аудандық «Nur Otan» партиясы филиалдарының өкілдері арасында шын жүйрікті анықтау. Байқау шартына сәйкес 20 қатысушы whatsapp желісі арқылы сұраққа жауап негізінде үздік бестікті анықтады. Жүйріктер келесі кезеңге өтіп, skype желісі арқылы бес бөлімнен тұратын ұпай астына жасырылған сұрақ таңдау негізінде жеңімпазды анықтады. Байқау қорытындысы бойынша Ислам Тынышбалаев жарыс жеңімпазы болса, екінші-үшінші орындарды Ақжан Мұсахметов пен Әділет Чукенов өзара бөлісті. Байқау жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

0
0
175

Праймериз: Жетісуда 1000-нан аса үміткер депутат болуға ниетті.

Бұл ретте «Nur Otan» партиясы қарымды да алымды, білігі мен білімі бар, көпшілікті соңынан ерте алатын нағыз көшбасшыларды анықтамақ. Сол арқылы елдің болашағына бей-жай қарамайтын, тәжірибесі толыққан тұлғаларды елдің даму жолында еңбек етуге мүмкіндік бермек.

17 тамыздан бастап Алматы облыстық партия филиалы сапынан мыңнан аса праймеризге қатысуға ниеттілер тіркелді. Қатысушылардың 60 пайыздан астамы праймеризге қатысуға өз-өзін ұсынушылар қатарынан. Қалғаны – бастауыш партия ұйымы сапынан ұсынылған. Үміткерлер қатарында дәрігерлер, ұстаздар, дала еңбеккерлері, кәсіпкерлер және қоғам өмірінде көзге көрініп жүрген белсенді жастар бар.

Партияішілік іріктеуді өткізуге 315 дауыс беру учаскесі даярланды

0
1
704

Қолы ашықтың – жолы ашық

Қазақ халқы қайырымдылықты қастерлі ұғым санап, әрдайым өзара жақсылыққа, адалдыққа үндеген бабаларымыз ізгі істі үлкенді-кішіні бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар аударған. Сондай-ақ, қайырымдылық жасаған адам ешқашан кедейленіп қалмайды, «Қолы ашықтың – жолы ашық», – деп атам қазақ бекер айтпаса керек. Жуырда «Nur Otan» партиясы Ақсу аудандық партия филиалынан ауданға қарасты Жансүгіров ауылының тұрғыны А.Кудярова жәрдем беруді сұрады. Жалғыз басты ана биылғы оқу жылының онлайн өтеріне алаңдаса керек. Балаларының қатардан қалмай, пандемия кезінде үйде интернет байланысы арқылы оңтайлы білім алуын ойлады. «Nur Otan» мұндай сәттерде қамсыз қалмайды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Дәулетбекова А.Кудярованың баласына ұялы…

0
0
334

БҰҰ жеткен ақжолтай хабар

. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 29 тамыз Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған арнайы сессиясында жарияланды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің Telegram каналы. "Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу шарты ұйымының (ЯСЖТШҰ) атқарушы хатшысы Лассина Зербо Қазақстанның ядролық қарусыз әлем құрудағы жаһандық күш-жігерге жетекшілік кезіндегі ерекше тарихи үлесін ескере отырып, Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа мәртебе беру туралы бастама көтерді. Елбасының 1991 жылы 29 тамызда әлемнің ең ірі ядролық полигондарының бірі – Семей ядролық полигонын жабу туралы шешімі адамзат тарихындағы бұрын-соңды болмаған ядролық сынақтарға алғашқы заңды тыйым ретінде ғана емес, сонымен бірге Халықаралық күнді белгілеу үшін маңызды негіз болды", делінген хабарлам…

0
0
163

Дәрігерлерге тарту

Алып ғарыш кеңістігін шарлап, жер шарының түкпір-түкпірін зерттеп, тауды сайға, сайды тауға айналдырғанымен жаңа короновирус шыққанда дәрменсіздігімізді аңғарттық. Осы уақытта тек Гипократтың антын қабылдаған ақ халатты абзал жандар ғана пандемияға төтеп берді. Бүгінде дүниені дүр еткізген індет сәл шегінгендей. Бірақ әлі де болса босаңсуға болмайды. Індетпен күрес кезінде аянбай еңбек еткен дәрігерлерге алғыс білдіру жер-жерде жүруде. Көпшіліктен қалмай «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы өкілдері мен ауданға қарасты Күрті ауылдық округінің жеке кәсіпкерлері ұйытқы болуымен «Біз біргеміз» акциясы аясында дәрігерлерге азық-түлік тарту етті. Партия өкілдеріне, кәсіпкерлерге дәрігерлер де ризашылығын білдірді.

0
0
109

Ел үшін маңызды қадам жасаймын

Партияның партияішілік іріктеуі заманауи тәсілмен, ашықтық пен жариялылықты мақсат етіп отыр. Праймериз дегеніміз партия ішіндегі айтыс. Партияның барлық деңгейдегі тұлғалары сайлау науқаны басталғанда ел арасына шығып, қоғамды дамытуға арналған бағдарламасымен таныстырып, ашық пікірталасқа көшпек. Осылайша үміткерлердің саяси ұстанымы мен ұсынастары ел алдында ашық, жариялы түрде саяси пікірталаста анықталатын болады. Мұндай ашықтық партия қатарын шынайы ұлтжанды азаматтармен толықтыруға және еліміздің қоғамдық-саяси өміріне тың серпіліс әкелетін жаңа көзқарасты саясаткерлердің пайда болуына толық мүмкіндік береді Елдің ертеңінің жарқын боларына сенетін, қоғамды ілгері дамытуға аянып қалмайтын жан ретінде праймеризге мен қатысамын! Гүлшакира КУЙКАЛАКОВА, Қаратал ауданы, №97 балабақша дир…

0
4
386

Ең маңызды шаруа – халыққа қызмет ету

Қазақстанның бүгінгісі мен болашағы әрбірімізді алаңдатады. Себебі кеудеміздегі жұдырық жүрегіміз «елім, жерім» деп лүпіл қағуда. Осы ретте тәуелсіздік тарихындағы тұғырлы тартыстың бірі, «Nur Otan» партиясының праймеризіне қатысуға бекіндім. Болашақ жастардың қолында екенін ескере отырып, мен де білім беру, мәдениет, әдебиет, тарих, әлеуметтік сала және өзге де елдің әлеуетін көтеретін бағыттардың халық қамына қарай қызмет етуіне және қарқынды дамуына өзіндік үлесімді қосқым келеді. Сондай-ақ мемлекеттің мызғымас іргетасын қалыптастыруға ұмтылған барлық қазақстандықтарды, ел болашағына немқұрайлы қарамайтын азаматтарды осы дүбірлі дүниеден құр қалмауға шақырамын. Алмат ЕСЕНБЕКОВ, «Алакөл» газеті қазақ бөлімінің басшысы, облыстық «Жетісу» газетінің меншікті тілшісі

0
0
199

Ғаламтордың қолжетімділігі сараланды

Себебі әр бала елдің болашағы, ертеңі. Пандемия кезінде сақтық шарасын қатаң сақтамаса болмайды. Осы себепті оқушылар алғашқы тоқсанды үйден онлайн режимде оқиды. Ол үшін әр оқушының үйінде интернет қолжетімді болуы тиіс. Жуырда «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кесесімен бірлесіп елді мекендерді аралады. Мұндағы мақсат – шалғай ауылдардың ғаламторға қолжетімділігін саралау, интернет желісімен қамтамасыз ету мәселелерін талдау. Мониторингтік шара барысында партия өкілдері Мойнақ ауылында болды. Тұрғындармен жекелей кездесіп, интернет қолжетімділігі туралы сөйлесті. Алдағы уақытта мұндай шара жалғасын табады.

0
0
107

Үлкен үдерістің алдында тұрмыз

Даму, өркендеу, өрісті кеңейту арқылы көш басына шығу қажет. Замана көші күн санап ілгері кетіп барады. Біздің қоғамды ілгерілету үшін алымды, қарымды, білімді көшбасшылар тізгінді ұстауы тиіс. Nur Otan» партиясының ұйымдастырып жатқан партияішілік іріктеу механизмінің мақсаты - көшбасшыларды анықтау. . Әр Партия белсенділері Отан үшін жақсы істер атқарса- бізден мықты ел жоқ! Мен халқым үшін қашанда қызмет етуге дайынмын және елімнің игілігі үшін жасалып жатқан іс-шараларды толығымен қолдаймын. Праймериз көшбасышылары келешекте де елін қуанта берсін, еліміз тек бірлікте өмір сүріп, болашағымыз жарқын болсын. Тағы бір дәлел - осындай жаңарту іс-шараларының арқасында елде де өзгерістер болып, дамуымызға үлесін қосып жатыр, бүгінде ауқымды шаралар көбеюде. Бірлік түбі- береке демекші, бірлі…

0
0
212