«Jas Otan» ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті.
Мұндағы мақсат –«Бәсекеге қабілетті жастар» және «Жастар Отанға» 2025 жылға дейінгі бағдарламасын таныстыру, өңірлік жол карталарының аймақ дамуына берер серпінін таразылау. Қай кезде де жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде бағаланады. Мемлекеттің үдемелі дамуы да белсенді жастардың қолында. «Жасыңды көрсет, болашағыңды баяндайын» деген тәмсілдің жаны бар. Бүгінгі жас қандай – ел болашағы сондай болмақ. - Қазіргі қоғамда жастардың белсенділігі қуантады. Көріп жүргеніміздей жастар білімге құштар, еңбекқұмар, ізденімпаз, әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар. Міне, біздің болашаққа сеніміміз мол, жастарға артылар үміт те зор. «Nur Otan» партиясының сапында да белсенді кейінгі буын өкілдері жетерлік. Жақында ғана партия елімізде алғаш рет праймериз өткізді. Партияішілік іріктеуге 1108 үміткер тір…