Озерка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті.
"Nur Otan" партиясының мүшелері, қалалық мәслихаттың депутаты Айнұр Арғынбекова мен Семей қаласының қоғамдық кеңесінің жетекшісі депутат Зульфия Жамалтдинова Озерка ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Айнұр Арғынбекова "Nur Otan" партиясының Семей қалалық филиалының 2020-2025 жылдарға арналған кешенді даму жоспары негізінде әзірленген сайлауалды бағдарламасын ұсынды. Ол сондай - ақ ауылдық аумақтарды дамытуды көздейтін "Ауыл-ел бесігі" партиялық жобасы туралы айтты. Жобаға сәйкес, Озерка ауылдық округінде 2025 жылға дейін әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеу және салу жұмыстары жоспарланған. Мәселен, 2022 жылы кентішілік жолдар жөнделеді, сондай – ақ Озерки ауылындағы мектеп, ал кейінгі жылдары тағы 4 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіле…