Перейти к содержимому
pavlodar.nurotankz

Филиал г. Павлодар

@pavlodar.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 9 қарашаКазахстан, Павлодар

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Павлодар

рейтинг

100

жазбалар

336

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

0

Павлодар облысының медициналық қызметі жаңа жылжымалы кешендер мен реанимобильдерге ие болды

Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақовқа Павлодарда бес мобильді медициналық орталық пен 22 жедел жәрдем көлігінің мүмкіндіктері көрсетілді. Мобильді диагностикалық жылжымалы медициналық кешендер (ЖМК) көшпелі жағдайда диагностикалық зерттеулердің кең спектрін жүргізуге мүмкіндік береді. Олардың негізінде созылмалы инфекциялық емес ауруларды ерте анықтау, денсаулық жағдайының тобын анықтау, алдын алу, емдеу, оңалту және сауықтыру іс-шараларын жүргізу үшін денсаулық жағдайына терең зерттеу жүргізуге болады. Кешендер цифрлық жабдықпен жарақталған жеті мамандандырылған кабинеттен тұрады. Бұл жалпы тәжірибе дәрігерінің және талдауларды қабылдау аймақтары, дәріхана пункті, жалпы қабылдау кабинеттері, акушер-гинеколог, ультрадыбыстық және рентгенологиялық зерттеулер. Рентген және флюорография арнайы қор…

0
0
127

Бүгін көрнекті түркі ақыны және ойшылы Жүсіп Баласағұнды еске алғымыз келеді.

Ж. Баласағұн шын мәнінде халықаралық деңгейдегі ойшыл болған, ал оның бірнеше ғасыр бұрын айтылған сөздері бүгінгі күні де өзекті. Ақын жазған кітаптар көшпелі өркениеттің бейнесін ашады, білімнің шексіз көзі ретінде көркем және энциклопедиялық құндылық болып табылады. Жүсіп Баласағұн жазған «Құтты білік» («Благодатное знание») еңбегі тарихқа ең маңызды үлес болды. Бұл түркі тілінде жазылған, әлемнің көптеген тілдеріне аударылған алғашқы шығарма. «Құтты білік » поэмасы өзінің философиялық мазмұны бойынша терең және формасы бойынша мінсіз жасалған шығарма болып табылады. Ол бірден көркем шығарма, этикалық-дидактикалық және саяси-философиялық трактатқа айналды. Онда барлық уақытта адамдарды толғандыратын жалпыадамзаттық идеялар мен ойлар айқын және жоғары көркемдік көрініс тапты. Ол түркі ә…

0
0
183

Nur Otan партиялық тізімдерді қалыптастыру бойынша нұсқаулық әзірледі

«Nur Otan» партиясының Орталық аппараты партия филиалдары конференцияларының әрбір кезеңін регламенттейтін нұсқаулықты бекітті, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және Мәжіліске партиялық тізімге әр өңірден кандидаттар анықталатын болады. Сонымен, партияішілік іріктеу – праймериздің екінші деңгейі аясында кандидаттарды конференцияларда пікірсайыстар күтуде. Мәжіліске үміткерлер, республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда, екі рет – аудандық және облыстық конференцияларда пікірсайысқа түседі. Парламенттің төменгі палатасының қызметтегі депутаттары бірден облыстық сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар конференцияларындағы пікірсайыстарға қатыса алады. Партияның 𝐧𝐮𝐫𝐨𝐭𝐚𝐧.𝐤𝐳 ресми сайтында және 𝐩𝐫𝐢𝐦𝐚𝐫𝐢𝐞𝐬.𝐤𝐳 сайтында жарияланған нұсқаул…

0
0
120