Мазмұнға өту
orazali

orazali

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

103

жазбалар

626

пікірлер

0

тіркелуші

2

жазылымдар

2

Сақинасы шықпай қалған

Сақина жас қыздың саусағын қатты қысып жіберді. Саусақ ісіне бастады, қыз құтқарушыларды шақырды.
undefined

Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде Слесарлық құралдың көмегімен қызды жарақаттамай сақинаны шешіп алды.
https://t.me/qr_tjm

0
0
286

Қарағандыда көлік жүргізіп келе жатып инсульт алып қалған жүргізуші құтқарылды

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды.8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі бірінші ықшамаудандағы бір қиылыста төтенше жағдай орын алғанын хабарлаған. "Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік,- деді Ақжаркен М…

0
0
313

Арман Қырықбаев жаңа қызметке тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Оразбайұлы Қырықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.Фото: egemen.kzОл соңғы жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.Арман Қырықбаев 1976 жылы 20 қазанда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық Академиясының түлегі болып табылады. Мамандығы бойынша халықаралық экономист. Мемлекеттік қызметте, мәдениет және жастар саясаты саласында 28 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.Еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігі…

0
0
411

Ресейде қазақстандықтар лаңкестік әрекет жасау кезінде қаза тапқан

БАҚ-та Ресей Федерациясында Қазақстанның екі азаматының террорлық акті жасауды ұйымдастыруға әрекеті кезінде Ресейдің күштік құрылымдарымен көзі жойылғаны туралы ақпарат жарияланды.

Бұл адамдардың Қазақстандық азаматтығы және Ресейге шыққандығы расталады.

Көрсетілген факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Тексеріс ынтымақтастық арнасы аясында Ресей ФҚҚ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылуда.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
270

Брейкинг бойынша қазақстандық бишілер жеңімпаз атанды

Парижде брейкинг бойынша чемпионатта қазақстандық бишілер жеңімпаз атанды.

undefined

Құрамына Dias (Диас Әубәкіров), Amir (Әмір Закиров) сияқты b-boys кіретін Predatorz командасы Парижде 22 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен атақты Hip Opsession чемпионатында жеңімпаз атанды.  

Бқл – ірі жеңіс. Қиындықтарды айтпай-ақ қояйық. Алда ірі чемпионаттар көп. Енді тоқтамау керек. Әлі де жеңу керек», – деді Dias.

0
0
440

Еліміздегі білім беру саласында жарты миллионға жуық нәзік жан жұмыс істейді

Еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог еңбек етеді. 

Оқу-ағарту министрлігі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 469 533 әйел педагог жұмыс істейді. 

Оның 28 340-ы колледж, 324 596-і мектептерде, 98 434-сы мектепке дейінгі ұйымдарда еңбек етіп жүр. 

/kaz.inform.kz

0
0
418

Астанада өрттен 4 адам құтқарылды

Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды.

7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді. Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды.

t.me/qr_tjm

0
0
474

Еліміздің тас жолдарындағы жағдай туралы айтылды

Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар. Қостанай және Ақмола облыстарында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында көк тайғақ пайда болу қаупі бар. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. #QAJ

0
0
278

ІІМ зейнеткерлерге үндеу жасады

Полиция ведомствосында ішкі істер органдары зейнеткерлеріне үндеу жасалды. "Құрметті зейнеткерлер! Бүгінгі таңда базалық зейнетақы тағайындауды қайта бастау, 1998 жылдан кейін қызметке қабылданған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысын индекстеу, зейнетақы жинағын алу сияқты маңызды әлеуметтік мәселелер бар екенін білеміз. Бұл мәселелер толық зерделеуді қажет етеді. Мұнымен арнайы жұмыс тобы айналысуда. Оған Ішкі істер министрлігінің өкілдері де кіреді. Бұл сұрақтар бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы және тұрақты негізде шешілуде. Мәселен, былтыр шілде айынан бастап барлық зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және ем алу үшін шешіп алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлердің негізгі бөлігі осы құқықтарын пайдаланып үлгерді. Қазіргі уақы…

0
0
298

Алматыда жалған француздар анықталды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті.

Айталық, 2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті. ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
236