Мазмұнға өту
mvdgovkz

mvdgovkz

Сайтта 2013 ж. 20 қыркүйек

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

998

пікірлер

0

тіркелуші

9

жазылымдар

2

Ішкі істер органдарының қызметі туралы ақпарат

Апта ішінде 6 696 қылмыс тіркеліп, «ізі суымай» 2 875 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 613 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 17 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 75 қылмыскер ұсталып, 3 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 46 қылмыс анықталды, оның ішінде 21 сату фактісі. 53 келіге жуық есірткі заты, соның ішінде 140 граммнан астам героин заты тәркіленіп алынды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D0%B4%D0%B5%D1%8F%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%8153

0
0
494

Петропавлда ІІД ардагерінің ұрланған сағаты табылды.

«Петропавл ІІБ екінші бөлімінің қызметкерлері соңғы уақытта Жұмысшылар кентінде тіркелген пәтер ұрлықтарын ашу бойынша жұмыс істеді. Нәтижесінде полицейлер бұдан бұрын сотталған 27 жастағы жергілікті тұрғынның ізіне түсті. Тәркіленген кепілзатты билеттерге қарағанда, ол алтыннан жасалған бұйымдарды ломбардқа өткізіп отырған, ал сондай ұрланған заттардың біреуі – атаулы сағаттың алтын емес екенін көріп, оны көз көрмейтін жерге көміп қойған»,- деді ІІД баспасөз қызметінің басшысы Мәдина Балғашұқова.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E850F7302D4A5C91E044002655122E6A

0
0
300

Теміртауда әйел-адвокат тінту кезінде тергеушіні тістеп алды.

Қарағанды облысының Теміртау қаласында алаяқтық жасады деп күдіктелген 40 жастағы әйел-адвокат тінту кезінде тергеушіні тістеп алды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінде. Полицияның ақпаратына қарағанда, оқиға 4-ші қазан күні Теміртау қаласы прокурорының рұқсат етуімен адвокатты жеке тінту кезінде орын алды.

 

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E83BF8EF761F43A8E044002655122E6A

0
0
436

Апта ішінде 3 761 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 2 987 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 738 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 30 қылмыс ашылды.

Іздеу жарияланған 145 қылмыскер ұсталып, 8 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 28 қылмыс анықталды, оның ішінде 11 сату фактісі. 110 келіге жуық есірткі заты, соның ішінде 20 келіге жуық героин мен 130 граммға жуық амфитамин заты заты тәркіленіп алынды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D0%B4%D0%B5%D1%8F%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%8151

0
0
334

Астанада заңсыз тұрып жатқан 1 мыңға жуық шетелдік ұсталды

Елордада «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы аясында 969 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Ведомствоның хабарлауынша, 18 адам сот шешімімен, соның ішінде 4 шетелдік азаматтық сот ісінің тәртібі бойынша елден аластатылды. Әкімшілік заңнаманы бұзғаны үшін 79 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды. Операция барысында тұлғасын анықтау үшін ІІД қабылдағыш-таратқышына 159 шетелдік жеткізілді, елімізде жүруге негіз болмағандықтан 478 шетелдіктің уақытша келу мерзімі қысқартылды. Сонымен қатар, көші-қон заңнамасын қасақана бұзғаны үшін шетел азаматтарына қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_smi/E7B0A668F7DD4853E044002655122E6A

0
0
472

Ішкі істер органдарының қызметі туралы ақпарат

Апта ішінде 6 977 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 057 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 721 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 25 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 151 қылмыскер ұсталып, 6 дана қару тәркіленіп алынды. Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 59 қылмыс анықталды, оның ішінде 16 сату фактісі. 30 келіден астам есірткі заты, соның ішінде жарты келіге жуық героин заты тәркіленіп алынды.

http://mvd.gov.kz/portal/page/portal/mvd/mvd_page/mvd_news_smi/mvd_news/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F%20%D0%B4%D0%BB%D1%8F%20%D0%A1%D0%9C%D0%98%20%D0%BE%20%D0%B4%D0%B5%D1%8F%D1%82%D0%B5%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D0%BE%D1%8150

0
0
779

Қарағанды облысында барымташылар ұсталды

0
0
381