Филиал Манг. области
@mangystau.nurotan.kz
Официальный филиал партии "AMANAT" в Мангистауской области
рейтинг
250
жазбалар
747
пікірлер
0
тіркелуші
51
жазылымдар
7
рейтинг
250
жазбалар
747
пікірлер
0
тіркелуші
51
жазылымдар
7
Қарақия ауданында «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Тұяқов Бауыржан Орынбайұлымен кездесу өтті.
Тұяқов Бауыржан "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның "Ноттингем" университетінде 2018 жылы білім алған.
Қазір елге оралып сол алған білімі бойынша қызмет атқарып жатырғанын айтты.
Кездесу барысында жастарға қазіргі заманда білім алудың қаншалықты маңызды және керекті екенін атап өтті.
Бауыржан Орынбайұлына алдағы жұмысына сәттілік тілейміз. Жастарымызға үлгі тұтарлық Сіз сияқты азаматтарымыз болғанына мақтан етеміз.

«Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесу өтті
Облыстың белсенді жастары «Bolashaq» бағдарламасының түлегі Марат Себасовпен кездесті. ⠀ Кездесу қонағы 30- жасында Британияның 3 топ университетінің құрамына кіретін «Лондон экономика және саяси ғылымдар» мектебіне бағдарлама арқылы оқуға түсіп, 2 жыл білім алады. ⠀ «30 жасымда еш ойланбастан бағдарламаға қатысуды жөн санадым. Сол уақытта «Қазақтелеком» АК Маңғыстау облысы бойынша филиалының орынбасары қызметінде едім. Отбасым болды. Бірақ, осылардың барлығын тастап шетелде білім алуды көздедім. Мақсатым орындалып, шетелде білім алдым. Елге оралып, алған білімім бойынша қызмет атқарып жатырмын» дейді Марат Себасов. ⠀ «Кездесу қатты ұнады. Кеш қонағымен танысып, ағалық ақыл-кеңесін алдым. Білім алу үшін ешқашан кеш емес екендігін түсіндім» дейді белсенді жас Усенов Ақылбек. #NurOtan #JasO…
Жаңаөзен қаласында "ECO-ALEM” үстел ойыны өтті

"ECO-ALEM” ойыны үстел басына жастардың басын қосып, еркін пікір алмасуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жастар арасында экологиялық білімді, экологиялық мәдениетті арттыру болып табылады.

Ойын экологиялық білім мен дағдыларды, патриоттық сезімін, өз жеріне, өз ауылына, қаласына деген махаббатты қалыптастыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға бағытталған.

Жаңаөзен қаласында кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өтті
Осыған орай, бүгін партия филиалының мәжіліс залында мәслихат депутаттары Аманқос Қарамурзаев пен Айсұлу Исаеваның кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесуі өтті.
Жиынға жиналған білім, өндіріс және медицина саласының кәсіподақ ұйымының төрағалары азаматтардың еңбек құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қорғау мәселелері бойынша өздерінің пікірлерін білдірді.

Облыстық кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.
Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік кепілдіктер тақырыбында облыстық мәслихаттың депутаттық фракциясы мүшелері облыстық кәсіподақтар бірлестіктерінің өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында өңірдегі еңбек ұжымы мен ондағы басшылар арасында әртүрлі жағдайлар, жалақыға қатысты мәселелер, жұмысшылардың мүддесін қорғау бойынша атқарылған жұмыстар, өндіріс жағдайында әртүрлі жазатайым оқиғалардың алдын алу бағытында мәселелер қаралды



Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
Осы мәселеге байланысты бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС-гі және қызмет көрсетуші «МКЛ Логистика» ЖШС-нің арасындағы келісім шарттың орындалмауына байланысты үш айдан бері еңбекақыларын ала алмай жүрген қызметкерлердің мәселесін қарады. Аталған отырысқа «Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов, ҚР Мәжілісіне кандидаттығына үміткер Е.Жанбыршин, «Эмир Ойл» ЖШС-нің мен «МКЛ Логистика» ЖШС-нің өкілдері және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.Отырыс барысында тапсырыс беруші «Эмир Ойл» ЖШС-гі мұнай тасымалдау бойынша келісім шарт негізінде қызмет көрсетуші «МКЛ Логистика» ЖШС-не қарыз екені анықталды. Осыған орай «МКЛ Логистика» ЖШС-гі өзінің 5…
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»
«Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері» тақырыбында онлайн семинар өтті
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбілов Елубай Жақайұлының төрағалығымен «Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері» тақырыбында БПҰ төрағалары, аймақтық филиалтөрағаларының бірінші орынбасарлары, ПКР мүшелері қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн-семинар өтті.Семинар барысында сайлау жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылғы 21 қазаннан бастап 2020 жылғы 10 желтоқсандағы сағат 18-00-ге дейін, сондай-ақ 2021 жылғы 9 және 10 қаңтарда (қоса алғанда) кез келген сайлау алдындағы үгітке тыйым салынатындығы ескертілді. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конститутциялық заңының 5-тарау, 27-бабына сәйкес Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізудің ержесі түсіндіріліп, БАҚ-пен қарым-қатынас, интернет ж…