Перейти к содержимому
mangystau.nurotan.kz

Филиал Манг. области

@mangystau.nurotan.kz

Сайтта 2020 ж. 23 маусымКазахстан

Официальный филиал партии "AMANAT" в Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

747

пікірлер

0

тіркелуші

51

жазылымдар

7

"Есіктен есікке" акциясы аясында тұрғындар мәселесі тыңдалды.

10 желтоқсан күні сағат 18:00-де республикамызда сайлау науқанының үгіт-насихат кезеңі басталды. Партиялар Сайлауалды бағдарламалары негізінде түрлі акциялар мен іс-шаралар өткізу жұмыстарына көшті. Осы орайда «Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалы да науқанға сақадай сай дайындықпен келгенін мәлімдеп, үгіт-насихат кезеңінің іс-шараларын бастап кетті.Осы орайда үгіт-насихат кезеңі «Есіктен есікке» акциясымен алғашқы күннің шымылдығын түрді. Акция аясында қалалық мәслихат дептутаттығына үміткерлер мен еріктілер тобы тұрғындарды үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Бүгінгі «Есіктен есікке» акциясы Мұнайлы ауданына қарасты «Ақ Еспе», «Бозжыра», «Айрақты», «Шерқала», «Бесшоқы» шағын ауданында өтті.Халық нұротандықтарды жылы лебізімен қабылдап,…

0
0
101

Бүгін "Өзенмұнайгаз" Акционерлік Қоғамының "ТрубРемЦентр" ЖШС цехында кездесу өтті

Бүгін қалалық сайлауалды штабының мүшелері "Өзенмұнайгаз" Акционерлік Қоғамының "ТрубРемЦентр" ЖШС цехында кандидаттар Бекжанов Болат, Сарманов Рзабек және штаб мүшесі Сулейменов Жеңісбек саласының жұмысшыларымен кездесті.

Кездесуде кандидаттар жұмысшылардың жағдайларын сұрап, мәселелеріне тыңдай келе алдағы 2021 жылы өткізілетін маслихат сайлауына белсенді атсалысуға шақырды. Партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, дауыс беруге шақырды.

0
0
196

Үгіт насихат жұмыстарының жалғасы №05 СҚКБ-ның өндірістік алаңында өтті.

Кездесуге құбыр цехының 40 жуық қызметкері қатысты. Кездесуде 2021 жылы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

Кездесуде жұмысшылар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмаса келе алдағы өтетін сайлау науқанында партияның жеңіске жетуіне сәттілік тіледі.

#NurOtan

0
0
133

"Есіктен-есікке" акциясы аясында үгіт насихат жұмыстары жүргізілді

Кандидат Б.Берекетов «Jas Otan» жастар қанатының еріктілерімен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

«Самал» шағынауданының тұрғындары да нұротандықтарды жылы лебізбен қабылдап, шағынаудан бойынша бүгінге дейін жасалған жұмыстарға алғысын жеткізді.

#Nurotan #NurotanZhanaozen #Esiktenesikke

Үміткерлер үгіт - насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.

«Есіктен есікке» акциясы аясында қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер М.Дощанов, Ш.Гусейнов, Е.Сыражанов және Т.Найзабеков қала тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды және ‘’Nur Otan’’ партиясын қолдауға шақырды.

0
0
127

Партиялық бақылау комитетінің мүшелері тексеріс жүргізді

Бүгін "Nur Otan" партиясы жанындағы Партиялық бақылау комитетінің мүшелері Т. С. Лесниченко және

Ш.А Гусейнов 1 а шағын ауданындағы жаңа инфекциялық модульдік орталығының аумағында орналасқан балалар жұқпалы аурулар ауруханасына барып, орталық басшысы

Ш. К. Беркалиевпен кездесті. Кездесу барысында қала тұрғынының арызы негізінде ауруханадағы ахуалмен танысты. Орталық басшысының айтуынша, ғимараттағы максималды температура +28, минималды + 22-25. Сондай -ақ, құрылысшылардың кейбір кемшіліктері бар екені анықталды, алайда олар қалыпқа келтірілуде. Мұнда орын алған оқиға партияның бақылауында болмақ.

0
0
104

Облыстық мәслихатқа кандидат Киікбай Жақыпұлы штабтың қабылдау бөлмесінде тұрғындарды қабылдады.

Қоғамдық қабылдауда Ақтау қаласының тұрғыны Толқын Ахметова үйінде жылу жоқтығын жеткізді. Киікбай Жақыпұлы бұл мәселені бірден назарға алып, арнайы мамандарға хабарлады. ПКСК мамандары да мәселе бойынша тұрғын үйге барып, үйдегі температура ережеге сай екенін мәлімдеді.

К.Жақыпұлы қабылдау барысында өзіне жүгінген тұрғындарды мұқият тыңдап, әрбір мәселені жеке бақылауға алды.

0
0
133