Мазмұнға өту
kaztube1

kaztube1

Сайтта 2013 ж. 15 наурызКазахстан, Астана

Добро пожаловать на официальную страницу казахстанского видео-портала KAZTUBE.KZ! Созданный в 2009 году видео-портал несет информационно-развлекательный характер, так же поддерживает казахоязычный видео-контент. На сегодняшний день на сайте зарегистрировано более 130 000 пользователей. Ежедневно осуществляется более 25 000 просмотров! ПРИСОЕДИНЯЙТЕСЬ!

рейтинг

100

жазбалар

381

пікірлер

12

тіркелуші

26

жазылымдар

4

«Атамекен» патриоттық әндердің 1 республикалық байқауы

Жаңаөзен қаласы, Тұяқов атындағы орталық стадионда "Атамекен" патриоттық әндердің 1 республикалық конкурсы өтті.

Міне Тұяқов атындағы Орталық стадион.

"Атамекен" патриоттық әндердің 1 республикалық әндер байқауының жүргізушілері - Маржан Сұлтанбай және Қанат Айтбай.

Маржан Сұлтанбай арнайы kaztube.kz үшін сұхбат беруде.

Патриоттық әндерді орындайтын әншілерді іріктеуге келген қазылар алқасы

Атырау қаласынан қатысқан үміткер - Венера Сағындықова.

Өмірқұл Айниязов та біздің порталға сұхбат беруде.

Жанкүйерлер лық толы :)

"Атамекен" патриоттық әндер байқауының 1 күні аяқталды.

Концертке Әли Оқапов та жетті.

Бүгінгі концертті Әли, ертеңгі концертті Роза Рымбаева аяқтайды.

0
0
2204

Астана қаласы әкімінің кубогы

Кеше Астана қаласы әкімінің кубогы болды.

Қызылордадан келген Ақмешіт командасының костюмы әдемі екен.

Қостанай құрамасы керемет әзілдер көрсетті.

"Стадионы бар Астанаға футболы бар Ақтөбеден жалынды сәлем," дейді АЭСА құрамасы.

"Абай даңғылы, 8" командасын сағынып қалыпты көрермендер, шапалақтарын аямай жатыр :)

Астаналық Аграрка құрамасы.

Оралдың ҚазИТУ командасы жасыл костюмдерін қараға ауыстырыпты :)

Шымкенттен келген команданың әзілдері мықты :) Көрінбей кеткен Қуатжан шықты, ура!

Қарағанды қаласынан күлкі терапиясы командасы. Көпұлтты команда.

Еуразия Ұлттық Университетінің командасы - Күлтегін.

0
0
448

strategy2050.kz порталының тұсауы кесілді

"Қазконтент" АҚ "Стратегия-2050" жаңа веб-порталының түсаукесері өткелі жатыр.

Жаңа веб-порталдың тұсаукесерін көруге адамдар жиналуда.

strategy2050.kz - Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Сайт үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын

Президент Жолдауының орындалу барысын наихаттауға арналған портал - strategy2050.kz

Кіріңіз. Көріңіз. Танысыңыз.

0
0
323

Қазақ эстрада әртістерінің Одағы құрылды

Қазақ эстрада әртістерінің Одағы құрылды. Шаншар әзіл-сықақ театрының жетекшісі Уәли мырза бастаған топ енді бірігіп қызықты жобалар өткізеді.

Одақтың бастығы Бауыржан Ибрагимов. Көмекшілері Ұлан және Мұхамеджан мырза.

"Қазақ эстрада әртістерінің Одағы" ұйымдастырған алғашқы жобаның дайындығы өтуде.

Қазақ эстрада әртістерін Уәлибек мырзасыз елестету мүмкін емес :))

Қазақ эстрада әртістері Одағының тұсаукесер концертінің жүргізушілері :)

Шаншар әзіл-сықақ театрының жетекшісі Уәли мырза бастаған топ қызықты жобалар жасайды енді :)

Қазақ эстрада әртістерінің Одағының алғашқы концертіне дайындығынан үзінді

0
0
2991

Конкурс жеңімпаздары анықталды

"Қазақстан тарихы" номинациясы бойынша 601 лайк жинаған erbolat063 атты қолданушымыз 1 орынға ие болды. Видеосы: http://kaztube.kz/ru/video/87406 "Қазақстан тарихы" номинациясындағы 2 орын 391 лайк жинаған jasik kvn атты қолданушыға бұйырды. Видеосы: http://kaztube.kz/ru/video/88193 36 лайк жинаған Talgat9520 атты қолданушымыз "Қазақстан тарихы" бөліміндегі видеосымен 3 орынға ие болды. Видеосы: http://kaztube.kz/ru/video/87900 «Қазақстанның аймақтары» номинациясындағы бірінші орынды U_ka жеңіп алды. Ол ұсынған видео: http://kaztube.kz/ru/video/90995 "Қазақстанның аймақтары" номинациясындағы 2 орын bekarazhan атты қолданушыға бұйырды.Оның видеосы 41 лайк жинаған http://kaztube.kz/ru/video/90955 "Қазақстанның аймақтары" номинациясында 3 орынға malyshka_aray ие болды. Ол 27 лайк жинаған. ht…

0
0
416

Жаңа мезгіл, жаңа ай, жаңа апта...

Құрметті достар!

Сіздерді жаңа мезгілдің, жаңа айдың, жаңа аптаның басталуымен құттықтаймыз!

Алтын мезгіл қызметте де, жеке өмірде де жемісті болсын!

Өзі де, түсі де, күндері де ереше күздің әрбір таңы өмірлеріңізге тек қана қуаныш пен шаттық ала келсін!

Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге білімге жетелер ынта, студенттерге өмірлік азық болатын тәжірбие мен білім, мұғалімдерге ақылды да білімді оқушылар тілейміз! :)

0
1
2918

Мейрам құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Конституция күні құтты болсын!
Еліміздің еңсесі үнемі биік болсын!
Халқымыздың арасында бірлік пен сыйластық мол болсын!
Аспанымыз ашық, мемлекетімізде тыныштық болсын!
0
0
996

I maestri Корей ерлер хорының концерті

Астана қаласы Конгресс-холлда Корей ерлер хорының концерті басталды :)

I maestri концерті ашық деп жарияланды :)

Корей жігіттері хор айтуға жиналды :)

Абайдың "Көзімнің қарасын" орындап жатыр. Бәрі қағазға қарап оқып тұр :))

Көрермендер жігіттердің өнеріне тамсанып, керемет қошемет көрсетуде :)

Хор орындайтын жігіттер сахна сыртына кетті. Дауыстары керемет екен! :)

Сахнада - Нұржамал Үсенбаева. Өзіміздің "Ал қоңыр" мен корейше бір ән орындады.

Ал, Конгресс-Холлдың дәлізінде суреттер көрмесі ұйымдастырылыпты :)

Осы керемет концерттің видеосын біздің сайттан күтіңіздер :)

0
0
682

Kaztube.kz порталында үлкен үзіліс!

Kaztube.kz порталының ұжымы 1 қыркүйекке орай бүкіл қазақстандықтарды "Білім күнімен" құттықтамақ. 

Мерекеге арнайы бейнеролик түсірдік. Бірақ, оның сюжеті жайлы ештеңе айтпаймыз. Тек түсірілім барысында Астанамыздың біраз тұрғындары мен қонақтары куә болды :)

Kaztube.kz порталының жетекшісі - Айгерім Ермағамбетова ханым бастаған ұжым мектеп формасында киініп, көшедегі халықты бір таң қалдырды :)

1 қыркүйекте бізден керемет видео күтіңіздер! :)

0
1
829

Ақтөбе неге жеңіліп қалды?

Кешегі күн көп жандар үшін өте ауыр болды. Ақтөбе Динамодан жеңіліп қалған сәтте неше жан түңіліп кетті екен... 

Ия, өкінішті. Алайда, бәрі тоқтап қалған жоқ, алда әлі ойындар бар. Жеңетініне сенеміз біз!

Біреулер "төреші өз жағына жақтасты" дейді, біреулер "ойын әділ өтті" дейді. Әйтеуір ойын ойналды, жеңімпаз анықталып қойды.

Енді ойынды көре алмай қалсаңыз, міне, көруіңізге болады :)

 

Алдағы уақытта тек қана жеңістерге жете берейік!

0
0
354