Мазмұнға өту
kaztrk_kz

Қазақстан Телеарнасы

@kaztrk_kz

Сайтта 2011 ж. 14 қарашаКазахстан, Астана

Бірінші отандық, Ұлттық телеарна - «Қазақстан» ҰТА 1958-жылғы наурыздың сегізінде ашылды. Қазіргі уақытта телеарна көрермендерді қамту жағынан алдыңғы қатарда тұр.

рейтинг

100

жазбалар

1 279

пікір

1

тіркелуші

28

жазылымдар

0

«Әке серті». Телехикая («Қазақстан» ҰТА, 2013 ж.)

Перзентінің алдындағы әке борышы және сол қастерлі сезімнің салмағы... Дүйсенбі және бейсенбі күндерінің аралығында «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Әке серті» телехикаясын тамашалаңыздар!

0
0
412

Бүгін — «Айтуға оңай...».

Себепсіз жұмыстан шығып қалған азаматтар өз құқықтарын қалай қорғай алады? Еңбек дауы еңбеккердің пайдасына шешілуі үшін, қандай іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет? Жұмыстан шығып қалған жағдайда, еңбекпен қамтылудың басқа жолдарын қарастыруға бола ма? Бұл туралы бүгін Ұлттық арнада «Айтуға оңай...» бағдарламасында!

0
0
145

Футбол. Тікелей эфир.

«Қазақстан» Ұлттық арнасында футболдан Қазақстан Премьер-Лигасы! 26 мамыр күні сағат 14.50-де Ұлттық арнадан «Ертіс» пен «Шахтер» командаларының ойынын - Павлодардан берілетін тікелей трансляцияны тамашалаңыздар!

1
0
272

«Жұлдызды сәт».

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Жұлдызды сәт» тележобасы сайысының шиеленіскен сәті! Бұл жолы қос жолдама кімге бұйырар екен? Оларды Сіз анықтайсыз! Әр сенбіде Ұлттық арнада тікелей эфирде «Жұлдызды сәт» жобасындағы өнері озық жанға дауыс беріңіз!

0
0
261

«Күміс көмей, жез таңдай».

Ән-жыр, терме-толғаулар сынды ұлттық рухани құндылықтарымызды насихаттап, төл өнерімізді заманауи үлгімен ұштастырып жүрген дәстүрлі әншілеріміздің «Күміс көмей, жез таңдай» байқауын Ұлттық арнадан 26 мамыр күні, сағат 19.30-да тамашалаңыздар!

0
0
625

«G-Global» және жасыл экономика». Арнайы тележоба.

Жетекші сарапшылардың жаһандық форумы - Нобель сыйлығының иегерлері мен қазақстандық экономистер арасындағы телепікірсайыс «G-Global» және жасыл экономика» арнайы тележобасы 26 мамыр күні сағат 17.00-де Ұлттық арнада!

0
0
276

«Ғұмыры тұтас музыка».

Қазақ халқының музыкалық мәдениетін алыс-жақын шет елдерге кеңінен танытып жүрген, 1982 жылы Нұрғиса ағамыздың жетекшілігімен құрылған Нұрғиса Тілендиев атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық фольклорлы-этнографиялық «Отырар сазы» оркестрінің шығармашылық кешін Ұлттық арнадан 25 мамыр күні, сағат 22.40-та тамашалаңыздар!

0
0
208

Бүгін — «Қылмыс пен жаза».

Ақылдан адастырған «ащы сумен» өткен «көңілді» басқосудың соңы орны толмас өкінішті жағдайларға апарып соқтырды... Бүгін, Ұлттық арнада шынайы деректерге негізделген «Қылмыс пен жаза» кезекті хабары сағат 19.05-те!

0
0
174