Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Катонқарағай ауданының "Абай" орталық саябағында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, "Бақытты бала-бақытты ел" акциясы аясында 1маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған "Өлкенің гүл жайнаған балғындары" атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жүрегімізді жадырататын сәбилердің сыңғыр күлкісіне толы мереке аудан әкімінің орынбасары Ж.Д.Сыдыкованың құттықтау сөзімен ашылды. Мерекелік шара барысында ауданымыздың музыка мектебінің, Шығармашылық Үйінің, Үлкен Нарын ауылдық лицейдің оқушылары өнер көрсетті. Ертегі кейіпкерлерінің өткізген ойындарына балалар қызыға қатысты. Сонымен қатар, балалар арасында асфальтта сурет салу сайысы өткізіліп, жеңімпаз балалар марапатталды.Тәуелсіз еліміздің болашағы - бүлдіршін балаларымызды мерекелерімен құттықтаймыз!