«Skype» бейне қосымшасы арқылы тұрғындармен байланыс орнату жалғасуда
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл уәкілетті органының «Skype» бейне қосымшасы арқылы тұрғындармен байланыс орнату тәсілі жалғасуда. А.ж. 29 маусымы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті басшысының орынбасары Елена Федоровна Степаненконың кезекті онлайн режимдегі азаматтарды жеке қабылдауы барысында облысымыздың 3 тұрғыны көмекке жүгінді. Алғаш болып хабарласқан Петропавл қаласының тұрғыны Ерлан Молдашевтан мемлекеттік мекеменің қызметшісіне кәсіпкерлік қызметпен айналысу мүмкіндігі туралы сұрақ келіп түсті. Виктория Погонян мемлекеттік қызметке түсу барысында тестілеуден өту тәртібі жөнінде мәселесімен жүгінді. Соңғы болып Абзал Касленкин байланысқа шықты. Ол, «Әкім сайлау алдында жалақысы сақталмайтын демалысқа шыға ала…



