Құрғақ саумал ішіп көрдіңіз бе?
Биенің жаңа сауылған сүтінен құрғату әдісімен алынатын ақ ұнтақ, шипалық өнім - "Saumal" деген атаумен жақсы танымал. Осыдан екі жыл бұрын біздің нарыққа бие сүтінің құрғақ түрі келген еді. Алғашында таңсық көрінгенімен қазір оған деген сұраныс артып келеді. Ал шетелдіктердің қызығушылығы тіптен ерекше екен. Биенің жаңа сауылған сүтінен құрғату әдісімен алынатын ақ ұнтақ, шипалық өнім - "Saumal" деген атаумен жақсы танымал. Бұл өнімді өндірушілер саумалдың функционалдық тамақтану өнімі екенін айтады. Оның иммунитетке де пайдасы мол. Атап айтқанда, ас қорыту жүйесін қалыпқа келтіруге, бауырдың қызметін жақсартуға көмектеседі, тіпті ағзаның физикалық және психикалық жағдайына да жақсы әсер етіп қартаюды тежейді. Негізі қазақ халқы жаңа сауылған бие сүтінің денсаулыққа қандай пайдалы екенін…