Перейти к содержимому
elge.zhaqyn

Страна новостей

@elge.zhaqyn

Сайтта 2023 ж. 24 сәуір

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

2 683

жазбалар

261

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Батыс Қазақстан тұрғындары қаржы пирамидасына салған 769 млн теңгесінен айырылып қалды

Батыс Қазақстан облысында қаржы пирамидасын басқару фактісі бойынша "Chia Tai Pharmaceutical" компаниясының өкілдері тергеуге алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, компания өкілдері өзін инвестициялық ұйым ретінде жарнамалап, жоғары және тұрақты табыс әкелуге уәде берген. Кейінненжеке тұлғалардан ақша жинаған. Бірақ оны кәсіпкерлік қызметке салмай, қатысушылар арасында бөліп отырған."Келтірілген шығын көлемі бүгінде 769 млн теңгеден асады. Қазіргі уақытта қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікті ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", - деп атап өтті агенттік.Айта кетері, осы айдың басында Қызылорда облысында "Chia Tai Pharmaceutical" қаржы пирамидасына қаты…

0
0
229

ТЖМ: Қазақстанның басым бөлігінде күн 43 градус ыстық болады

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн 43 градусқа дейін ыстық болып, кей жерлерде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі. 

"Алдағы күндері елдің шығыс, солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Найзағай, бұршақ жауып, жел соғады. Қазақстанның қалған аумағы солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады", – делінген хабарламада. 

Батыста, 9-10 шілдеде солтүстік-батыста, 10 шілдеде Қазақстанның орталығында күн +43 градус болады. 

0
0
195

Қазақстанда Астана есімді қанша адам бар?

Бюро мәліметінше, Қазақстанда Астана есімді 26 адам тұрады, оның 18-і ер, 8-і әйел. Бұл ретте елорда құрметіне 17 адамға Астана есімі берілген, қалғандарына 1998 жылға дейін осы есім қойылған.

Балаларына "Астана" сөзі кездесетін есім қойған қазақстандықтар да бар. Бұл қыздар арасында Астанай және ұлдар арасында Астанали, Нұрастана сияқты есімдер.

Сондай-ақ, елорданың басты көрікті жерлерінің бірі "Бәйтерек" монументі құрметіне 41 адамға, қазақша "Бәйтерек" транскрипциясында 31 адамға есім берілген.

6 шілдеде Қазақстанның астанасы 25 жылдығын атап өтеді. Президенттің 1997 жылғы 20 қазандағы жарлығына сәйкес 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап қазіргі Астана - бұрынғы Ақмола елорда болып жарияланды. Қазақстанның жаңа астанасының ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда өтті.

0
0
371

Жамбыл облысында өрт шықты

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 3 шілдеде сағат 17.30-де Рысқұлов ауданының Шолақ Қайыңды ауылынан 12 км таулы жерден шыққан."Тау басында құрғақ шөп жанған. Қазіргі кезде өрттің жалпы ауданы анықталып жатыр", - делінген департамент хабарламасында.Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнында департаменттің жеке құрамынан 45 адам мен 6 арнайы техника, ерікті өрт сөндіру құралымдарынан 30 адам және 5 техника, орман шаруашылығынан 30 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылдыЖамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті облысы ТЖД бөлімшелерінің күштері мен құралдары өрт орнына сағат 00.35-те жеткен."4 шілдеде сағат 7.15-те жетуі қиын жердегі өртті сөндіру үшін жеке құрамды жеткізу үшін "Қазавиақұтқарудың" ЕО-19 АҚ тікұшағы өрт аумағына шықты", - деп хабарлады ведомство.Т…

0
0
187

Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді

Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар.Санкциялық тізімге 291 компания енген. Санкцияның мерзімі – 10 жыл. Ал екі қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары бес жылға енгізіліп отыр. Олар - "ИТС-Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестік және "Тыныс" акционерлік қоғамы."ИТС-Астана" дәнекерлеу құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысады және ресейлік "ИТС-Урал" компанияның Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады."Тыныс" АҚ шығаратын өнімдер - полиэтилен құбырлары, автомобиль крандары мен мүгедектерге арналған арбалар. 2013 жылдан бастап кәсіпорында амуниция және қорғаныс құралдарын тігетін цех ашылды. Мемлекеттік тапсырыспен Қазақстанның күш құрылымдары үшін бронды кеудешелер, бронды жүйелер мен соққыға қарсы қалқа…

-1
1
1261