Egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты

2011 жылдың 10 айы ішінде egov.kz порталының тіркелген пайдаланушыларының саны 4 есе артты. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі Сәкен Сәрсенов хабарлады.
«Тіркелген пайдаланушылардың саны 4 есе артты, 789 мың электронды сандық қолтаңба берілді. ЭСҚ алуға хабарласқан қазақстандықтардың саны ай сайын 5-6 есе артты. Айыппұлдар мен салықтарды төлеу бойынша онлайн-қызметтердің танымалдылығы ұлғайды», - деп хабарлады С. Сәрсенов.
Вице-министр сондай-ақ ЭСҚ пайдаланудың жеңілдетілген рәсімін іске қосу пайдаланушылардың статистикасына оң әсер еткенін атап өтті.