2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді кешенді аттестаттаудан өткізу жөніндегітүсіндірмелік кеңес
2017 жылы 9 қаңтарда қалалық балалар шығармашылық мектебінің ғимаратында департамент басшысы Мұрат Тлемісұлы Мұратбеков және персоналды басқару жөніндегі бас маман Ә.М.Қарымсақова 2017 жылы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізуге дайындау мен түсіндіру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті ұйымдастырған семинар-кеңеске қатысты. Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 15 қадамының шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін кешенді аттестаттаудан өткізу белгіленген. Ұлт жоспарының ережелерін іске асыру үшін ҚР мемлекеттік істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасының «Б» корпусы және «А» к…