Әдеп жөніндегі уәкілдің қызмет алушылармен кездесуі
2019 жылы 16 қазанда «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің әдеп жөніндегі уәкілі Әлия Рафаэльқызы Айтуарова «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызмет алушыларымен кездесу өткізді, кездесу барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормалары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мемлекеттік қызметтер және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі туралы түсіндірілді. Қызмет алушыларға олардың мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі құқықтары түсіндірілді, сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілдің сыбайлас жемқорлық көріністерін хабарлау және өзге де ақпарат алу үшін телефон нөмірлері бар визиткалары берілді. Көрсетілетін қ…