Мемлекеттік еңбек инспекторлары 36 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғап, жалақылары...
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 36 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғап, жалақылары бойынша қарыздарын қайтарды Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың Қостанай қаласына жұмыс сапары аясында өткен әлеуметтік-еңбек қатынастарын және әлеуметтік серіктестікті реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында айтты. Іс-шараға Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Ералы Тоғжанов, қаржы, энергетика, ауыл шаруашылығы вице-министрлері, республика өңірлері әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Отырыста сөз сөйлеген Біржан Нұрымбетов еңбек қатынастарын реттеудегі негізгі міндеттерді шешуге назар аударды. ҚР Еңбекминінің басшысы бірінші мәселе жалақы…
