Ақ халаттарыңды кір шалмасын...
Биыл 80 жасқа толып отырған белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, дәрігер Каюпова Нина Әмірқызы өмірі өнегеге толы тұлға. Оның жан-жақты, қоғамдық, ғалымдық, басшылық, дәрігерлік жемісті еңбек жолы туралы ұлттық «Табыстың 100 қадамы» жобасы аясында жазылып отыр. Отанына адал қызмет етіп, өзі сүйген дәрігер мамандығының шыңына шыққан ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нина Әмірқызының өмірі қоғаммен біте қайнасты... Қазақ медициналық институтын бітірісімен 1959 жылы Алматыдағы №1-перзентханада акушер-гинеколог болып қызметке тұрғаннан бастап, ол осы саланың барлық қырын меңгерді. 1965-1971 жылдары «Ана мен баланы қорғау» ғылыми-зерттеу орталығында, кейін Алматы медицина институтында, ал 1976-1981 Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінде қызмет етті. Соңғы жылдарда…